ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

ЖАС КЕЗІНЕН ДӘРІГЕР БОЛУДЫ АРМАНДАҒАН ЖАН

14:35, 14 маусым 2018

«Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» демекші Сүндет Сайдуллаев жастайынан медицина саласына жақын болған. Бүгінгі күні ол біртіндеп өз мақсатына жетіп келеді. Астана қаласындағы медициналық университетін аяқтағаннан соң,  жолдама бойынша Петропавл қаласындағы №2 қалалық емханада жұмыс істеуге шақырылды. Медицина қызметкерлері  күні  қарсаңында жас  маманмен    әріптесім Нұрбол Балғабеков кездесіп қайтты.

Сүндет Сайдуллаев- мектеп бітіріп, барлық жастар сияқты арман қуып, Астана қаласындағы медициналық университетіне түсіп, үздік аяқтап шығады. Бүгінгі күні жас маман №2 қалалық емханада жалпы тәжірибелік дәрігер болып жұмыс істейді.  

СҮНДЕТСАЙДУЛЛАЕВ,   ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ  №2   ЕМХАНАСЫНЫҢ  ДӘРІГЕРІ:

Дәрігер саласына келуім себебі кезінде көп ауырғаным себебі ма болмаса ең жақсы көретін атамның жүрек ауруымен ауырғаны ма, сол себеп болу керек. Сосын өзіме мақсат қойдым дәрігер боламын деп 8-ші сыныптан қойғам сол әлі мақсатқа жету барысындамын жолдамыз 

Енді Сүндет келісімшарт бойынша осы жерде 3  жыл бойы жұмыс істеуі керек. Оның айтуынша, «әр науқасты емдеп, олардың батасын алу  мен үшін үлкен бақыт-дейді.

СҮНДЕТ САЙДУЛЛАЕВ,  ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ  №2   ЕМХАНАСЫНЫҢ  ДӘРІГЕРІ:

Науқастың ең жақсы сөзі ол өзінің рахмет айтқаны барлық дәрігерлерге рахмет айтып, өзінің ризашылығын білдірген, кей апалардың өзінің бата беріп кеткені біз үшін үлкен бақыт.

Сүндеттің алдағы жоспары ауқымды. 3-жылдан кейін оқуын әрі қарай  жалғастырып, әскери госпитальда еңбек еткісі келетінін жасырмады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, дәрігер, медицина

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ
17:04, 14 қараша 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ
Толығырақ...