ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

ЖЕҢІС ЖАУЫНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

20:38, 17 ақпан 2020

Петропавлда Жеңіс жауынгеріне ерекше құрмет көрсетілді. Соғыс ардагері, жерлесіміз Владимир Кориховтың 95 жасқа толуына орай арнайы марш ұйымдастырылды. Ұлттық Ұлан әскери институтының курсанттары салтанатты шеп құрды.

Владимир Дмитриевич 3 дәрежелі Даңқ орденімен, 1 дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Украинаны азат еткені үшін" медальдарымен, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен марапатталған. Іс-шара барысында қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, ұлттық ұлан Әскери институтының өкілдері   мерейтой иесіне  құттықтауларын жолдады. "Біз Жеңістің мұрагерлеріміз "акциясы аясында институт курсанттары салтанатты маршпен жүріп өтті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар