ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ Толығырақ

«ЭКСПО-2017»: ЗАМАНАУИ ОЗЫҚ ИДЕЯЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛА БАСТАДЫ

15:23, 31 қазан 2018

Еліміздің абыройын асқақтатқан «Экспо-2017» халықаралық көрмесінде таныстырылған жобалар  жүзеге асырылу үстінде. Қазіргі таңда 100-ден астам жоба іріктеп алынған. Оның 102-сін әкімдіктер, қалған 13-ін компаниялар жүзеге асыруда. Электр энергетикасы саласында «ЭКСПО»-да ұсынылған 63 технология енгізілмек.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында «Смарт-орындық» жобасы іске қосылды. Озық технологияларды енгізуден білім саласы да қалыс қалмады. ЭКСПО-да ұсынылған жобалар аясында Петропавлда бірегей Айти-технологиялар орталығы орналасқан Оқушылар сарайы салынды. Облысымыздың нысандарында  неміс технологиясымен жұмыс істейтін «ұзақ жанатын қазандық»73қазандық орнатылды. Аталған технология отын шығынын 1,5-2 есеге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл бұрынғы қазандықтарға қарағанда экологиялық тұрғыдан 8 есе тиімді. Сонымен қатар өңірімізде  «Био­массадағы қазандықтарды орнату» поляк технологиясы енгізілді. Оның артықшылығы – күлдің және атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың болмауы, сондай-ақ көмірлі қазандықтарға қарағанда 2 есе үнемді. Қазіргі таңда мұндай пештер  бюджеттік саладағы нысандарда және кәсіпкерлік нысандарында  орнатылған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...