ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

ЭКСПО ӨМІРШЕҢ ЖОБАҒА АЙНАЛДЫ

15:33, 23 шілде 2018

ЭКСПО халықаралық көрмесі өткен жылы мәресіне жетті, бірақ бұл ЭКСПО аумағында тіршілік тоқтағанын білдірмейді. Бүгіндері ЭКСПО нысандарында жұмыс көрігі қызып тұр, «Нұр Әлем» сферасына келушілер  көбеймесе, азайған емес.

Былтыр өткен Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі «Болашақ энергиясына» арналғаны белгілі. Көрмеге қатысушы елдер энергия өндірудің баламалы технологияларын таныстырғаны да есте. Сол үрдіс бүгін де үзілген жоқ. ЭКСПО көрме кешеніндегі «Нұр Әлем» сферасы – «Болашақ энергиясы» мұражайында энергияның барлық түрімен таныстыратын тұтас ансамбль салтанат құрып тұр. Ал онымен сізді  17 робот-гид таныстырады.    

«Нұр Әлем» сферасындағы   Виртуалды өмір аумағы    келушілердің сүйікті орнына айналған. Арнайы көзілдірікті киген соң Астана мен Алматыны құс ұшатын биіктіктен тамашалай аласыз. Этноауылды да аралап, садақ атып, ежелгі қонысқа саяхат жасау мүмкіндігіне ие боласыз. Мұның барлығы арнайы бағдарлама арқылы жүзеге асады. Айта кетейік, Мұрат Мұтұрғановтың «Энергия дөңгелегі» мен «TITAN THE ROBOT SHOW» шоуына қатысу үшін, сондай-ақ, Виртуалды өмір аумағына кіру үшін «Нұр Әлем» сферасына кіру билетін сатып алсаңыз жектілікті.  

Астана тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы да танымдық демалыс ұйымдастыруды мақсат еткен компания бизнес өкілдерінің жаңа ұсыныстарын қарастыруға да әзір. Барлығы да сапалы сервис үшін. Ал жуырда ЭКСПО көрме кешенінде цифрлы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Қазпоштаның» цифрлы бөлімшесі ашылды.

Тақырып бойынша материалдар

«ЭКСПО-2017»:  ЗАМАНАУИ ОЗЫҚ ИДЕЯЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛА БАСТАДЫ
15:23, 31 қазан 2018
«ЭКСПО-2017»: ЗАМАНАУИ ОЗЫҚ ИДЕЯЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛА БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...