ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

«ЭКСПОНЫҢ» ЕСТЕЛІКТЕРІ

18:21, 12 маусым 2018

Маусымның 10-ы «Экспо-2017» көрмесінің жұмысын бастағанына тура 1 жыл болды. Жаһан  жұртына жаңа технологиялардың  үлгісін таныстырған  халықаралық  шара елордамыздың дамуына, жалпы қазақ елі имиджінің өсуіне көп көмек болды.

Болашақтың энергиясын басты тақырып ретінде  алған  шарада  әлем  ғалымдары  ұсынған 193 озық технология таныстырылды. Еліміздің әр өңірі солардың ішінен өздеріне қажетті, лайықты жобаларды таңдап, іске асырып жатыр. Астананың өзінде ғана 16 озық технология таңдалып алынды. Қазақстан тұрақты дамып жатқан, экономикасы сенімді, яғни, инвестиция құюға лайықты орын екендігін шетелдік компанияларға көрсете білдік. Көрме кезінде түрлі келіссөздер  жасалған  220 ресмиіс-шара өткізілді. 174 гектар аймақты алып жатқан шағын қалашық Астананың көркін арттырып, жаңаша рең беріп тұр. Болашақ энергиясының нышаны ретінде салынған Нұрәлем сферасы Қазақстанда өткен халықаралық көрменің ғана емес 20 жылдығын думандатып тойлап жатқан Астананың символына айналды. Шар тәріздес ерекше дизайны шаһарға келген әрбір туристің есінде сақталатыны да сөзсіз. Айтпақшы, Экспо-2017 аяқталғанымен Нұр әлем жұмысын тоқтатпады. Мұражай ретінде сақталып, демалушыларды, сырттан келген туристерді қабылдап, жұмыс істеп тұр.

НҰРГҮЛ ӘЛІПБИНОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

- Көрме барысында 220 іскерлікіс шара ұйымдастырылды. Соларға 28 мемлекеттің президенті, Премьер министрлер, министрлер, мемлекеттердің хатшылары қатысқан болатын. Әрине бұл еліміздің беделін бірнеше есе арттыра түсті.

4 миллион туристі қабылдаған экспо аумағында Елорданың 20 жылдығы қарсаңында түрлі ауқымды шаралар өткізілмек. Бұл қалашық шаһардың маңызды аудандарының бірі екендігін, Астананың өніп, өсіп, өркендеуіне үлес қосқан сәтті жоба екендігін тағы бір дәлелдеп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

«ЭКСПО-2017»:  ЗАМАНАУИ ОЗЫҚ ИДЕЯЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛА БАСТАДЫ
15:23, 31 қазан 2018
«ЭКСПО-2017»: ЗАМАНАУИ ОЗЫҚ ИДЕЯЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛА БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...