ШҰҒЫЛ! ЖАҢА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ Толығырақ

60 МЫҢ ВАКЦИНА САТЫП АЛЫНДЫ

20:45, 8 қазан 2019

Қазан айынан бастап тұмауға қарсы имммундау жүргізіледі. Бұл жұмыстар өңір емханаларында екі ай бойы атқарылмақ. Азаматтардың қандай санаттары жұқпалы аурудан тегін екпе ала алады? Арна тілшілері анықтап көрді.

Суықтың келуімен, жұқпалы респираторлық аурулар тарап, тұмау өршиді. «Вирустарды жеңу үшін, ағзаң оған алдын ала дайын болу қажет дейді», дәрігерлер.  Биыл өңірге ресейлік «Грипп плюс» вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынды. Әуелі, вакцинациямен жұқтыру қаупі жоғары  топтар қамтылады. Олар, 9 мыңнан аса медицина қызметкері, 10 мың диспансерлік есепте тұрған және алты айдан асқан жиі ауыратын балалар,  жүктіліктің екінші және үшінші тоқсанында тұрған мыңға жуық әйел. Сонымен қатар, созылмалы аурулары, жүрек-тамыр жүйесі аурулары және тыныс алу органдары аурулары бар 38 мыңнан аса адам екпені тегін ала алады.

АЙНАШ САҒЫНДЫҚОВА, СҚО ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Вакцинация алғаннан кейін 14 күннен кейін адамда иммунитет қалыптасады, және 12 ай бойы түрлі вирустан қорғауға өз септігін тигізеді. Тұмау врусыфнан қорғанудың ең басты, ол жеке бас гигиенасын ұстану.

Мамандардың мәліметінше, вакцинациялау 100% аурудан қорғайды және аурудың салдарын азайтуға септігін тигізеді. тұмау кезінде әдетте дене температурасы 39-40С көтеріліп, қатты қалтырау, жөтел, жалпы әлсіздік, мұрын бітелуі, бастың қатты ауруы секілді белгілері болады. Алайда, адамдардың көбі бұл ауруды  елемейді.

НАТАЛЬЯ ПОМАЗАНОВА, ДӘРІГЕР-ИНФЕКЦИОНИСТ:

- Тұмау асқынуы, пневмонияға ауысады немесе жүкті әйелдерде түсік тастау қаупі бар.  Иммунинеті әлсіз адамдарда, қант диабеті,  бронх демікпесі ауруы асқынады.

Солтүстікқазақстандықтардың көбі бірнеше жыл қатарынан екпе алады. Вакцинаны тіркелген жері бойынша кез келген емханада да ақылы негізде алуға болады.

АЛЕКСАНДР КУЗУРМАН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Жұбайым екеуміз екпені жыл сайын аламыз. Көмегі бар, деніміз сау, ауырмаймыз.  Біз зейнеткерлерміз, иммунитетіміз төмен, сондықтан, міндетті түрде екпе алған дұрыс деп ойлаймын.

Вирусты аурулардың көбеюі кезінде, жеке гигеианы сақтаған жөн. Сонымен қатар, саламатты өмір салтын ұстану, толыққанды ұйқы, дәрумендерге бай тағам ағзаға вирустық инфекциялармен күресуге көмектеседі. Дегенмен, тұмаудың алдын алуда және асқынуды болдырмауда вакцинациялаудың алар орны бөлек.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ АРТҚАН
17:55, 22 қазан 2019
СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
18:05, 15 қазан 2019
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар