ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

7 СӘУІР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ

21:40, 4 сәуір 2019

7 сәуір – халықаралық денсаулық күніне орай облыс орталығында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «Мен денсаулықты таңдаймын» атты акция ұйымдастырса, облыстық онкологиялық диспансер сәуірдің 6-ы күні тұрғындарға арнап ашық есік күнін өткізбек.

Дені сау жастар – еліміздің болашағы. Сол себепті жас буын өкілдерінің арасында «Мен - денсаулықты таңдаймын» атты науқан өтуде. Шара барысында Александр Винокуров спорт сарайында студенттер, еріктілер және бүлдіршіндер бас қосып ырғақты әуенге түрлі спорттық қимылдар жасады.

АЙНАШ САҒЫНДЫҚОВА, СҚО ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМІ БАС МАМАНЫ:

Акцияның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру және де қазіргі жастарды спортқа бейімдеу болып табылады.Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жастар ресурстық орталығымен бірлесіп бүгінгі іс-шараны өткізіп жатырмыз.

Кейін іс-шарада бас қосқан еріктілер қала көшелеріне шығып жаяу жүргіншілерге әсіресе ер адамдарға никотинді витаминге яғни зиянды бір темекіні түрлі пайдалы жемістерге алмастыруды ұсынды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек  инфекциялық емес аурулардың 50 %-ы саламатты өмір салтын ұстанбаудың кесірінен туындайды. Темекі шегу, дене белсенділігінің төмендігі, дұрыс тамақтанбау - асқазан-ішек жолдарының ауруларын және семіздікті тудырады. «Денсаулық-зор байлық» екенін және әр кезде білікті маманға қаралып, скринингтен өтіп тұрудың қажеттілігі туралы онколог мамандар да ескертеді.

ОЛЕГ ДУДЯК, ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРДІҢ БАС ДӘРІГЕРДІҢ ЕМДЕУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы есепте  9300 науқас тұр. Ал бірінші тоқсанда біздің мамандар 447 адамда обыр дертін анықтадық. Өткен жылмен салыстырғанда 15 адамға көбірек. Бір қуанататыны скринингтік бағдарламалардың арқасында бұл дерттерді біз ерте сатысында анықтап, ем-дом шараларын уақытылы қолдана аламыз. Яғни өлім-жітім деңгейін төмендете аламыз.

Денсаулық күніне орай облыстық онкологиялық диспансердің емханасында сәуірдің 6-ы күні барлық тұрғындар үшін ашық есік күні ұйымдастырылмақ. Қызылжарлықтар білікті мамандармен өздерін толғандырған сұрақтармен бөлісіп, пайдалы кеңес ала алады.

МАРАТ ТҰРҒЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРДІҢ ЕМХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:

Сәуірдің 1 мен 10 аралығында Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған онкүндік өтеді. Сәуірдің 6ы облыстық онкодиспансер емханасында ашық есік күні өтеді. Сағат 9-дан 13-00ге дейін дәрігер онколог, маммолог және онкогинеколог тұрғындарға тегін кеңес береді.

Қазір әлемде саламатты өмір салтын ұстану сәнге айналған. Танымал жұлдыздардан бастап қарапайым адамға дейін спортпен айналысып, дұрыс тамақтануға тырысады. Біздің де елімізде түрлі спорт түрімен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ КӨЛІКТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
18:01, 27 қараша 2019
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ КӨЛІКТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...