ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

«АДАМ ЖӘНЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК - ҚАЗАҚСТАН» - 12-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСС

17:53, 17 сәуір 2019

Облыс орталығында «Адам және Дәрі-дәрмек-Қазақстан» атты 12-ші Халықаралық Конгрессі өтті. Аталмыш шара өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Жиынға еліміздің жетекші ғалымдары мен профессорлары жиналып, клиникалық практикада қолданылатын диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін көрсетті.

Соңғы жылдары Конгресс елімізде заманауи медицинаның дамуы мен таралуына мол үлес қосып келеді. Ол үздіксіз кәсіби оқытудың маңызды элементіне айналды. Шара барысында өңір дәрігерлері жаңа дәрілік заттармен және емдік әдістемеліктермен танысып, кәсіби білімдерін арттырды. Айта кету қажет, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Адам және Дәрі-Дәрмек-Қазақстан» халықаралық конгресіне ресми және ақпараттық қолдау көрсетеді.

РАИСА КҮЗДЕНБАЕВА, ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ, «АДАМ ЖӘНЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК-ҚАЗАҚСТАН» КОНГРЕССІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Қандай да бір ауруларды қалай емдеуге болады? Конгрессте сол жайында сөз қозғадық. Бұл - дәрігерлерге көмектеседі. Сондықтан біз бүгін жиынға келген медицина қызметкерлеріне қуаныштымыз. Шарада заманауи медицинаның ең өзекті мәселелері көтеріледі.

Халықаралық конгресс елімізде 12 жыл бойы өткізіліп келеді. Ал Петропавлда ол алғаш рет ұйымдастырылды. Мұнда өз баяндамаларымен мемлекетіміздің жетекші ғалымдары мен профессорлары ғана емес, сондай-ақ шетелдік мамандар да қатысты. Явленка ауруханысының терапевт-дәрігері  Егор Яровой мұндай семинарлар мен консилиумдар  көберік өткізілсе екен, себебі медицинадағы соңғы жаңалықтар шалғайдағы ауылдарға да жетуі керек  дейді.

ЕГОР ЯРОВОЙ, ЯВЛЕНКА АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТЕРАПЕВТ-ДӘРІГЕРІ:

- Білім - бір орында тұрмайды. Дами береді. Осындай семинарлар дәрігерлер мен мамандарға керек. Мен жас маманмын және мен үшін бұл шара өте танымды болды.  Бұндай семинарлар жиі ұйымдастырылса деймін.

Қазақстанда фармацевтикаға көп көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда біздің елімізде 8 мыңнан астам дәрілік препарат тіркелген. Оның ішінде түпнұсқа немесе қайта өндірілгендер бар. Сонымен қатар, биотехникалық және т.б препараттар пайда болды. Сондай-ақ, келушілерге арнайы медицина саласындағы жаңалықтарға толы көрме ұйымдастырылды. Шара соңында өңір дәрігерлері ұйымдастырушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенділік танытты. Мұнымен қоса, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ КӨЛІКТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
18:01, 27 қараша 2019
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ КӨЛІКТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...