ШҰҒЫЛ! СЕНАТ СПИКЕРІНІҢ РЕСМИ САПАРЫ Толығырақ

АУДАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КЛИНИКАЛЫҚ КАФЕДРА

17:56, 8 қазан 2019

Қызылжар орталық аудандық ауруханасы биыл  11 дәрігермен толықты. Оның 6-ауы Қарағанды мен Нұр-Сұлтан медицина университеттерін тәмәмдап, еңбек жолын енді бастағандар. Облыстық бюджеттен жас мамандарға 1,5 млн теңге жәрдемақы беріліп, несие де берілген. Жас дәрігерлердің тыныс-тіршілігімен арна тілшілері танысып келді.

Владимир Суворин  Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің түлегі. Терапевт мамандығы бойынша білім алған жас маман, бүінгі күні Қызылжар орталық аудандық ауруханасының қабылдау бөлімінде дәрігер. Жұмысқа орналасқанына небары 1 жарым ай өткен маман ұжымға тез сіңісіп кетті.

ВЛАДИМИР СУВОРИН, ЖАС МАМАН:

- Толықтай мемлекет тарапынан көрсетілетін жәрдемақыны алдым. Маған жатақханадан тұратын орын да берді. Қазір қабылдау бөлімінде дәрігермін. Жұмысым өзіме ұнайды. Әрине бұл қабылдау бөлімі болғандықтан түрлі емделушілер күн демей түн демей келеді. Бірақ әрқайсысына алғашқы көмек көрсету менің міндеті деп білемін.

Қызылжар орталық аудандық ауруханасы биыл 11 дәрігермен  толықса, сонымен қатар 12 интерн де тәжірибе жинақтауға келген. Медицина саласын дамыту барысында биыл аталмыш емханада алғаш рет клиникалық кафедра ашылды. Бұл жерде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жоғары медицина мектебінің 5,6 курс интерндары келіп тәжірибе жинақтайды.  Айта кетейік, клиникалық базалар  әзірше  тек Қызылжар ауданында  және облыс орталығында ғана бар.

ӘСЕТ ІЗДЕНОВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Интерндарда оқу бағдарламасы бірнеше бөлікке бөлінеді. Олар қазыр жалпы практика дәрігері болып тәжірибе жинақтап жүр. Оқу бағдарламасы бойынша жүрек қан тамырлары бөлімі басталса, облыстық карддиология орталығына барады. Яғни, олар теория мен практиканы қатар алып жүреді. Қазір бізде 26 интер бар. Олардың 12-сі осы емханада, қалғандары оқу бағдарламасына сай басқа ауруханаларда жүр. 

Интер-дәрігерлердің бірі Аққу Бекен. 6 курс студенті. Қарағанды медицина университетінің түлегі. Бас қалада ЖОО тәмәмдаған бойжеткен өзінің кіндік қаны қамған жеріне келіп, оқуын жалғастыруға бел буыпты.

АҚҚУ БЕКЕН, ИНТЕРН-ДӘРІГЕР:

- Медицина ғылымдардың ішінде ең ауыры, сонымен қатар ең қызықты қоғамға керегі. Осы клиникалық базаларда біз теория мен практиканы қатар жүргіземіз. Дәрігерлердің қасында прием жүргіземіз.

Қызылжар орталық  аудандық  ауруханасы Қарағанды және Нұр-Сұлтан қалаларының медицина университеттерімен келісім шарт жасасқан. Осылайша, ЖОО түлектерін елді мекендерге жұмысқа қабылдап, маман тапшылығын азайтуды көздеп отыр. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы Новоникольск\ое дәрігерлік амбулаториясына келген жас мамандардың бірі-  Константин Немков.Қазіргі уақытта аталмыш амбулаторияда жалпы практика дәрігері болып қызмет етеді.  

КОНСТАНТИН НЕМКОВ, НОВОНИКОЛЬСКОЕ ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕ ДӘРІГЕРІ:

- Бізге барлық жағдай жасалған. Мен келгенде мына амбулатория су жаңа еді. Енді жаңа құрылғыларда әкелініп жатыр. Өзіме қатты ұнайды.Ауыл тұрғындары да өте жақсы адамдар.

Биыл жалпы облысқа  169 дәрігер келеді деп жоспарланған, оның 86-сы елді мекендерде қызмет етеетін болады.  

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ АРТҚАН
17:55, 22 қазан 2019
СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
18:05, 15 қазан 2019
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар