ШҰҒЫЛ! СЕНАТ СПИКЕРІНІҢ РЕСМИ САПАРЫ Толығырақ

АУЫЛДАҒЫ МЕДИЦИНА

13:08, 4 қазан 2019

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жаңа модель бойынша  іске қосылады.Енгізілетін жүйе арқылы барлық Қазақстан азаматтарының қымбат диагностикалық  зертханалар мен  дәрігер қабылдауларына  жазылуына қолжетімділігі арта түспек.  Осы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы жұмыстар Қызылжар  ауданындағы емханаларында да қарқынды жүргізілуде. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Қызылжар орталық аудандық ауруханасына бүгінде 42мыңнан астам адам тіркелген. Олар үшін 58 дәрігер мен 254 мейірбеке қызмет етеді. Емхана жаңа жүйемен жұмыс істеуге толық дайын. Сол үшін тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, участелік дәрігерлердің де санын көбейткен. Қағазбастылықтан арылу мақсатында аурухана құжаттарының 80 пайызын электронды жүйеге көшіріп, ұзын-сонар кезекті жою үшін емделушілер терминал арқылы дәрігер қабылдауына жазылады.   

АЛЕКСАНДР ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

-1 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жаңа модельі іске қосылады. Осы жүйе арқылы қымбат тұратын зертханалық және диагностикалық қызметтер, стационарды алмастыратын медициналық, дәрігерлік  көмекке қолжетімділік артпақ. Басты мақсат ел азаматтарын жеке меншік қымбат емханаларда емес, мемлекеттік ауруханаларда емделіп, және оны қалтасы көтеретіндей ету.

Медициналық сақтандыру қорынан барлық қызмет түрлерін алу үшін жұмыссыз азаматтар үшін де  жағдай жасалған. Мәселен, егер олар екінші деңгейлі банктерге 3ай ішінде 1623 теңге көлемінде ақша төлесе олар да осы жүйені кез-келген уақыта қолдана алады. МӘМС Қазақстанның барлық  азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұратын жеріне және табысына қарамастан медициналық және дәрігерлік көмекке тең қолжетімділікке кепілдік береді. Қызылжар ауданы Новоникольск дәрігерлік амбулаториясында да жаңа жүйеге ену жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

ЖАНСАЯ ҚАЙЫПОВА, ТІЛШІ:

- Мына Новоникөльск дәрігерік амбулаториясының жаңа ғимараты 2016 жылы қолданысқа берілген. Және бұл жерде қазіргі уақытта елді мекеннің 2050 тұрғыны тіркелген., Олардың игілігі үшін жақында ғана су жаңа экг аппараты әкілініпті. Осы құрылғының көмегімен жүрегінде ақауы бар емделуші келетін болса, оның мәліметтерін бірден облыстық кардиология орталығына жіберуге болады.

Ақ халаттылардың айуынша, бұл  құрылғы заманауи. Әлеуметтік медициналық  сақтандыру қорын енгізуге  дайындық барысында амбулатория тағы да басқа жаңа құрылғылармен толыққан. Константин Немков осы емхананың жас маманы. Қарағанды медицина университетін тәмәмдәп, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы Новоникольское дәрігерлік амбулаториясына жалпы практика дәрігері болып жұмысқа орналасқан. Оның айтуынша, медициналық сақтандыру қоры тұрғындарға жасалған жақсы мүмкіндік.

КОНСТАНТИН НЕМКОВ, НОВОНИКОЛЬСКОЕ ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕ ДӘРІГЕРІ:

- Елді мекендерде медицина қызметін жақсарту үшін осы ауылды таңдадым. Бізге барлық жағдай жасалған. Мен келгенде мына амбулатория су жаңа еді. Енді жаңа құрылғыларда әкелініп жатыр. Өзіме қатты ұнайды.

Сондай-ақ бұл емханада өңіріміздегі М.Қозыбаев атындағы СҚМУ интерн дәрігерлері де  да тәжірибе жинақтап жүр.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ АРТҚАН
17:55, 22 қазан 2019
СҮТ БЕЗІ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
18:05, 15 қазан 2019
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар