ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

АУЫЛДАРДА АРНАЙЫ МОБИЛЬДІ ЗЕРТХАНАЛАР ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

17:15, 30 маусым 2020

Елде эпидемиологиялық жағдайдың өршуіне байланысты, медициналық көліктер мен ауханалардағы жатын орындарының жетіспеушілігі сезілуде. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  осы аталған мәселелерге қатысты жауап берді. Және қазіргі ахуал жайлы баяндап, індетке қарсы қолға алынған шаралар жайлы айтты. Министр өз сөзінде ауылдарда жұмыс істейтін мобильді зертханалғаларға да тоқталды. Әріптесім рет-ретімен баяндасын.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- 40 мың. Бұл бүгінге дейін елімізде вирус жұқтырған адамдардың саны. Қазіргі таңда дәрігерлер күшейтілген режимде қызмет етуде. Тиісінше індетке шалдыққандармен тығыз қарым-қарынаста жұмыс істеп, өздері де науқастар қатарын толықтырып жатыр. Сондықтан маман тапшылығы сезілуде. Бірақ қажетті ресурстар жеткілікті дейді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

- Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде дәрі-дәрмек пен қажетті ресурстардың жетіспеушілігі туралы жалған ақпараттар тарап, адамдар дене қызуын басатын дәрілерді жаппай сатып ауға көшті. Осы жағдайды ескере отырып, дәрі-дәрмек өндірісі мен оны өңірлерге жеткізуге қатысты тексеріс жүргізілді. Отандық өндірушілер аса үлкен көлемде аймақтарға дене қызуын басатын дәрілер мен 70 мың қаптама ингавирин жеткізді. Апта соңына дейін тағы 49 мың қаптама терафлю жіберіледі облыстарға. Айта кеткен жөн емдеу протоколы бойынша бұл препараттар ковид-19 індетін емдеу бағытында қолданылмайды.

Бүгінгі таңда жедел жәрдем қызметіне хабарласатындар саны көбейген. Салдарынан қызметтік көліктер жетіспеушілігі туындап жатыр. Сондықтан алдағы уақытта отандық компаниялар медициналық мекемелерге арнап 807 машина қарастырмақ.  Одан бөлек медициналық ұйымдарға жатпайтын компаниялардың автопаркін пайдалану бойынша «Корона таксист» жабасы әзірленуде. Брифингте министр алыс ауылдағы ағайын да назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

- Қазіргі уақытта министрлікте 7 жылжымалы зертхана жұмыс жасайды. Алдағы уақытта тағы 8 жылжамалы зартхана сатып алу көзделіп отыр. Олардың бәрі ауылдағы ковид-19 зерттеулерін қажет ететін адамдарға қолданылатын болады.

Коронавирус індетін жұқтырған адамды станционарда емдеу қажет. Және науқастардың басым бөлігін жасанды тыныс алдыруға тура келеді. Бүгінде ел бойынша станционарлар 60 процентке толық. Сондықтан тамыз айының соңына дейін ИВЛ аппаратарымен жабдықталған 10 мың орынға арналған стационарлар ашылмақ. Сондай-ақ тағы 1000 дана ИВЛ аппараты сатып алынады. Жалпы, брифинг барысында министр коронавируспен күресудің мынадай 10 түрін ұсынды.

1. Амбулаториялық деңгейде инфекцияны емдеу туралы қарапайым әрі түсінікті жадынама даярлау.

2. Дәрі-дәрмектерді жедел жеткізу мен отандық тауар өндірушілерді қолдау.

3. Диагностикалық орталықтарды арттырып, рентген және компьютерлік томографияны қолжетімді ету.

4. Вирусты анықтайтын лабораторияларды көбейтіп, тесттерді уақытылы жеткізу.

5. Шақыртуға келген мобильді топтарға коронавирусты анықтайтын тест жасауға мүмкіндік беру.

6. Үй жағдайында барынша қауіпсіз медициналық көмек көрсету.

7. Қашықтан амбулаториялық консультация жүргізу.

8. Станционарларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен жабдықтау.

9. Жерлеу тәртібін өзгерту.

10. Халық арасында санитарлық талаптарды сақтау ережесін арттыру.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Бүгінде тұрғындарды алаңдатып отырған тағы бір өзекті тақырып ол: қайтыс болғандарды жерлеу мәселесі. Денсаулық сақтау министрінің айтуы бойынша азаматтарға жақындарын кез кеглен зиратта жерлеуге рұқсат етіледі, тек барлық санитарлық талаптарды сақтау шарт. Енді өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталсақ, қазіргі таңда облыста вирус жұқтырғандар саны 400-ге жетті

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 1300 ДӘРІГЕР, 1700 МЕДБИКЕ ЖЕТІСПЕЙДІ
20:35, 9 шілде 2020
КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 1300 ДӘРІГЕР, 1700 МЕДБИКЕ ЖЕТІСПЕЙДІ
Толығырақ...
ЭПИДАХУАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:32, 9 шілде 2020
ЭПИДАХУАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР
17:15, 9 шілде 2020
КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
20:40, 7 шілде 2020
ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
Толығырақ...