ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

АУЫЛДАРҒА ЖАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕЛЕДІ

17:52, 27 маусым 2019

Оқу бітірген дәрігер мамандарын жұмысқа орналастыру тәртібіне өзгерістер енді. Денсаулық министрлігінің Республикалық комиссиясы жас кадрлардың болашақ жұмыс орындарын өзі бөледі. Талап бойынша, дәрігер келген емдеу мекемесінде кем дегенде 3 жыл еңбектенуі тиіс.

Бір қауантарлығы мамандар  негізінен ауылды жерлерге жіберіледі. Бұл елді мекендердің кадр тапшылығын жоюға негізделген шаралардың бірі. Жас дәрігерлерді  ынталандыру үшін оларға 1,5 млн теңге көлемінде көтерме ақы қарастырылған. Облыс бюджетінен бұл мақсатқа 90 млн теңге бөлініп отыр. Оган коса баспанамен камтылып, жогары енбекакы алады.

ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Әр ауданда әкімдер келген мамандарының тұруына қолайлы жағдай жасап жатыр. Барлық ұйымдар хозрасчетта боолғанан кейін жалақыны өздері тағайындауға  құқылы. Осылайша, дәрігерлердің жалақысы 150 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін болады.

Еңбек.кз порталында жарияланған бос орындар бойынша өңірге акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог және жалпы тәжірибе дәрігерлері аса қажет. Бүгінге дейін Солтүстік Қазақстан облысында еңбек ету үшін 75 түлек ниет білдірді. Бұл негізінен Қазақстандық жоғары оқу орындарын тәмамдағалы отырған студенттер. Алайда, денсаулқ басқармасы жетекшісінің айтуынша, Ресейде білім алған жерлесіміздер де бағдарламаға қатыса алады.

ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Ресейде де бітіріп келіп, ауылдарда жұмыс істеуге ниет білдірген жас маман барлығы сияқты көтерме ақыға ие болала алады. Өйткені Қазақстан мен Ресейдің дипломдары бір біріне сәйкес келеді.

Өткен жылы бағдарлама аясында 40  жас дәрігер көтерме ақыға ие болды. 2018 жылы  11 маман  және  биыл тағы  7 адам  жеңілдетілген пайызбен ипотекалық несие рәсімдеді. Басқарма жетекшісінің айтуынша ауылды жерде жұмыс істеп, ел азаматтарының игілігіне қызмет еткендерге мемлекет қажетті жағдайдың бәрін жасайды.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
18:05, 15 қазан 2019
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар