ШҰҒЫЛ! ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ КОДЕКС ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ЖАҢА ЖАБДЫҚТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

13:04, 14 қаңтар 2020

Биыл Облыстық балалар ауруханасында 85 орынға шақталған жұқпалы аурулар бөлімі ашылды. Жалпы соңғы жылдары емдеу мекемесінің материалдық базасы жақсарып келеді. Былтыр ауруханаға жаңа медициналық құрылғылар мен жабдықтар алынған.

Аурухана 370 орынға шақталған. Күніне мұнда 150-ден астам науқас бала дертіне шипа іздеп жүгінеді. Жұқпалы аурулар өршігенде келушілердің саны еселеп артады. Былтыр ауруханаға өкпені жасанды желдету, наркозды-тыныс алу аппараты, эндоскопиялық жабдықтар, оттегі станциясы сияқты заманауи аппараттар сатып алынды.

ОЛЕГ ЗАВЬЯЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

- Атап айтқанда, былтыр біз жүрек-қан тамырлары ауруларын зерттеу үшін холтор мониторын алдық. Муковисцидозды анықтайтын қондырғыға қол жеткіздік. Бұл ауру сәби бір жасқа толғанша білінеді. Сол себепті диагнозды ерте анықтап, қоюдың және ерте емдеуді қолға алудың маңызы зор.

Жаңадан алынған жабыдықтар балалардың өмірін сақтап қалуға, жалпы дертінен аяғуына көп септігін тигізуде. Мысалы жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппараты кеңінен қолданады. Ол салмағы 500 грамнан аспайтын балардың жасанды тыныс алуына көмектеседі. Ал хирургия бөлімінде наркозды – тыныс алу құрылғысы қолданылады.

НҰРЛАН ЖАҚЫПОВ,  БАС ДӘРІГЕРДІҢ ЕМДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Аппарат заманауи, өткен жылы алынды. Өздігінен тыныс алу режимінде наркоз, жасанды желдету жүргізіледі. Ол шығарылатын ауаны, көмірқышқыл газының концентрациясын есептейді және барлық көрсеткіштерді экранға шығарады. Құрылғының артықшылығы осыда.

Алайда, дәрігерлердің айтуынеша, баланың денсаулығы көп жағдайда анаға байланысты. Бүлдіршіннің дұрыс тамақтануы, уақытылы ұйықтауы, физикалық белсенділік секілді факторлар оның өмрінде өте маңызды рөл атқарады.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ТАЙЛАНДТАН КЕЛГЕН ОТБАСЫ АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ
18:05, 20 ақпан 2020
ТАЙЛАНДТАН КЕЛГЕН ОТБАСЫ АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар