ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

БІР МЕКТЕП КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ

17:59, 21 ақпан 2020

Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы нөмір 6шы қазақ мектебі карантинге жабылды. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, мектеп оқушыларының 30пайызы тұмау және  ЖРВИмен ауырған.

Ал мұндай факті тіркелген жағдайда, арнайы қаулыға сай оқу ордасы міндетті түрде сабақты тоқтатуы керек.  Қазіргі уақытта аталмыш мектепте 600ден астам оқушы білім алады.Сонымен қатар, облыс орталығындағы басқа  мектептерде де  жалпы  31 сыныпта сабақ тоқтатылды.  Сынып оқушыларының 20 пайызы денсаулық жағдайына байланысты  сабақты босатса, мектеп директоры сол сыныпты карантинге жабуға міндетті. Ал облыстық білім басқармасының мәліметінше, аудан орталықтарында әзірше балалардың жаппай ауыру тіркелген жоқ.

АЙНҰР СҮЙІНДІКОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ ӘДІСТЕМЕ КАБИНЕТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

-  Қазіргі уақытта 9,5,24,26  мектептер мен  «Бэст» гимназиясында кейбір сыныптар карантинге жабылды. Санитарлық-эпидемиялық талаптарға сай аталмыш мектептерде тұмау немесе ЖРВИ мен ауырып қалған оқушылар саны көбейген. Арнайы қаулыға байанысты аталмыш сыныптарда сабақ  5-7 күнге тоқтатылады. Күн сайын қаладағы барлық мектеп әкімшілігі бізге есеп беріп отырады.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

8 АЙМАҚТА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ АПТАЛЫҚ ӨСІМІ 7% АСҚАН
20:32, 25 мамыр 2020
8 АЙМАҚТА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ АПТАЛЫҚ ӨСІМІ 7% АСҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...