ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

20:35, 20 қараша 2020

Коронавирусқа байланысты облыстағы  эпидемиологиялық жағдай өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіде айтылды. Жұқпалы дертті жұқтырғандардың саны күн сайын артуда. Тек бір тәуліктің ішінде 85 солтүстікқазақстандық ковид-19 жұқтырған. Оның 39-ында ауру белгілері бар болып шықты.  Мамандар науқастардың санының көбеюінің бір себебі- тұрғындар санитарлық талаптарға салғырттықпен қарайды, дейді. тақырыпты әріптесім жалғастырсын.

Індет басталғалы өңірде 5345 солтүстікқазақстандық вирус жұқтырса, бүгінде 22 сырқат ауыр халде жатыр. Жалпы инфекциялық ауруханаларда 1165 орын бар, ол 11 пайызға толған.  Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының айтуынша, өңірде вирус жұқтырғандары саны артатын болса, ауруханадаға орындар  3400-ге дейін жеткізілмек..

ҚҰМАР КҮСЕМІСОВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- /аудандық ауруханаларға 25 млн теңге сомасына 5 жылжымалы рентген аппара тын сатып алуға қаражат бөлінді,   25 желтоқсанға дейін оларды  жеткізу жоспарланып отыр. Коронавирустық инфекцияның екінші толқыны және ЖРВИ, тұмау, суық тию сынды маусымдық аурулардың  өршіген кезде, препараттар резервін қалыптастыру мақсатында денсаулық сақтау басқармасы 28 атау бойынша дәрі-дәрмектің  тізбесі мен көлемін жасап, тұрақтандыру қоры арқылы сатып алаынады.   

1 қарашадан бастап облыста 800ден аса тұрғын вирус жұқтырған. Осы аралықта 26 мыңға жуық адам ПТР тест тапсырды. Күніне орта есеппен 1,5 мың адам тексеріледі. Маусымға байланысты жедел респиратуралық жұқпалы инфекциямен сырқаттанғандар артқан. Естеріңізге сала кетсек, Петрпоавлда жақында инфекциялық аурухана ашылы. Бүгінгі таңда емдеу мекемсі іске кірісті дейді мамандар, бұл жерде әзірге 18 ғана адам ковид-19 -дан ем-дом қабылдап жатыр. Ал қызыл аймақтан шығу үшін тұрғынның әрқайсы атсалысуы керек дейді, облыстың бас санитариялық дәрігері.

АРМАН КҮШБАСОВ, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қалаға және адандар мен ауылдарға шектеу шараларын енгізу себебіміз  – жұқпалы ауруды тоқтату, санын азайту. Бұның барлығы рет-ретімен болады. Әзірге жұқпалы аруға шалдыққан адамдарды емдеп шығу қажет, содан соң науқаспен байланыста болған адамдарды тауып, есепке тұрғызу қажет және оларға да ем-дом шараларын көрсету керек. Бұл ұзақ процесс. Тұрғындады  адамдардың көп шоғырланған орындардан алшақ болуға және арақашықтық сақтауға шақырамын.

Атап өтетін жайт, Коронавирустың таралуына тоқтау салу мақсатында, облыстағы 6 ауданның 7 елді мекенге кіріп-шығу шектелген. Олар: Булаев, Корнеевка, Бескөл, Смирнов, Тайынша, Кішкенекөл елдімекендері және Петрпоавл қаласы.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

КЕЛЕР ЖЫЛЫ МҮГЕДЕКТЕР ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛ АШЫЛАДЫ
20:44, 23 қараша 2020
КЕЛЕР ЖЫЛЫ МҮГЕДЕКТЕР ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 96 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
17:15, 23 қараша 2020
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 96 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...