ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

БИЫЛ ОБЛЫСҚА 170 ЖАҢА ДӘРІГЕР КЕЛЕДІ

13:01, 9 тамыз 2019

Дені сау ұрпақ: жоғары сапалы медицина және оның қолжетімді болуы. Ел Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында денсаулық саласына  бірқатар міндеттер айқындалған еді. Мәселен, ең бастысы, әрі маңыздысы бұл – Жалпы ішкі өнімді 5 пайызға дейін жеткізу, бұл медицина сапасын арттыруға септігін тигізері анық.  Атап айтсақ, қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесіне тек 3 пайыз бөлінсе, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10-15 пайызды құрайды.

Кадр тапшылығы өңірдегі басты проблема. Өткен жылы облысқа, 58 маман келсе, биыл 170 дәрігерді тарту көзделіп отыр. Бірінші кезекте, ақ халаттыларды аудандар мен ауылдарға жіберілмек.  Ол үшін  әр дәрігерге бір жарым миллион теңге шамасында көтермеақы қарастырылған. Сонымен қатар, биыл  аудандарға жас мамандарды тарту мақсатында тұрғын үй мәселесі де шешімін таппақ. Биыл алғаш рет, облыс әкімінің тапсырмасымен  78 маман резидентурада, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында білім алуға жолдама алады.  Олардың оқуы толықтай төленіп, грант  беру көзделіп отыр. Сонымен қатар, облыстағы материалдық-техникалық жабдықталуына бөлінетін қаражат 3 есеге артқан..

ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Өткен жылдары 700-800 млн тенге жұмсалған,  осы жылы 3 млрд теңге беріліп отыр. Облысқа жаңа цифрлы маммограф, ауылдарға флюромобиль, басқа да көптеген аппараттар келіп жатыр. Болашақта басқа да аппаратттардың келуін күтіп отырмыз. Цифраландыруға келсек, медициналық системалар енгілізген. Осы жылдан бастап, барлық ауруханалар, аудандарда да электрондық кезектер енгізіліп жатыр. Сол арқылы кезектердің үлкен болмауына себепкер болып жатырмыз.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
18:05, 15 қазан 2019
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар