ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ Толығырақ

БЫЛТЫР 73 ӘЙЕЛДЕ ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫ АНЫҚТАЛҒАН

18:00, 22 қаңтар 2020

Облыстық онкологиялық диспансер мамандарының мәлімдеуінше қыз-келіншектерде жатыр мойны обырын анықтаУ жеңілдеген. Басты себеп, әйелдердің өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауы. Скринингтік тексерулерден өту, гинеколог маманға қаралу – ауыр дертті болдырмаудың маңызды факторы болып есептеледі. Мәселен, өткен жылы тек скринингтің арқасында 13 әйелде қатерлі ісік ерте сатысында анықталып, тиісті шаралар қабылданған.

Жатыр мойны обыры әйелдердің жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктерінің арасында кездесу жиілігі бойынша екінші орында тұр. Егер 2018 жылы жатыр мойны обыры 51 әйелде анықталса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 73-ті құраған. Мамандардың сөзінше бұл әйел адамдардың өз денсаулықтарын қадағалай бастағанын білдіреді. Бұл дертпен 50-60 жаста да ауырады. Оған себеп те көп дейді ақ халаттылар.

ОЛЕГ ДУДЯК, ОНКОЛОГИЯ БЛОГЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Жатыр мойнының кез-келген зақымдануы осы дертке алып келу мүмкін. Сонымен қатар, ең бастысы әйелдер тазалықты ұстануы және де гинеколог маманға  үнемі қаралуы тиіс. Мұнымен қоса, скринингтік тексерулерді ұмытпаған абзал.

Жалпы, жатыр мойны обырының дамуына бірнеше себеп бар. Олар ерте жыныстық жетілу, 20 жасқа дейін және 40 жастан кейін босану, ерте басталатын етеккір үзілісі және жыныстық гигиенаның болмауы. Бұл дертті анықтаудың бірнеше түрі де бар. Бірақ ең тиімдісі ол скрининг болып табылады.

КҮЛЗИПА САНДЫБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

- Скринигтік бағдарламаның басты мақсаты ол жатыр мойны обырын уақытылы анықтау. Әсіресе есепте тұрмаған 36 дан 50 жасқа дейнгі қыз-келіншектерде. Скринигтік бағдарлама екі деңгейден тұрады. Біріншісі ол кәдімгі дәрігер маманға қаралу болса, екіншісі талдама жасау. Өткен жылы 40 мыңға жуық әйел тексерілсе, осы жылы да осыншама адамды қамту жоспарланған.

Дәрігерлердің айтуынша басқа қатерлі ісік ауруларымен салыстырғанда бұл дерттің алдын алуға болады. Тіпті емдеуге де келеді. Тек уақытылы білікті маманға қаралған жөн. Осыған орай қаңтардың 25-і облыстық онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді. Әйелдерді мазалаған кез-келген сұраққа өңірдің ақхалаттылары жауап беруге әзір.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАЙЛАНДТАН КЕЛГЕН ОТБАСЫ АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ
18:05, 20 ақпан 2020
ТАЙЛАНДТАН КЕЛГЕН ОТБАСЫ АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар