ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

COVID-19 ВИРУСЫНА ШҰҒЫЛ ТЕСТ - ТЕГІН

13:04, 28 мамыр 2020

Петропавл қаласының тұрғындары клиника-диагностикалық зертханалардың бірінде 1 аптадан бері шұғыл тесттен өтуде. Саусақтан алынған қан талдамадан өтіп, ағзада ковид-19 вирусының бар жоғын анықталады. Әріптесім Майгүл Сейілбек те сараптамадан өтіп, өзінің денсаулығың тексертті. Сюжетке зер салайық.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

- Телефонға түсірілген жүріп, отырып, тапсырып жатқандай айтамын «Денсаулық – зор байлық» - демекші, пандемияның таралуына жол бермеу, науқастарды ерте анықтау мақсатында ел аумағында кез-келген азаматтың осындай тегін шұғыл тесттен өту мүмкіндігі бар. Менде бүгін өзімде ковид-19 вирусының бар жоғын анықтау үшін қанымды талдамадан өткізуді жөн көрдім. Ал,ендеше, аздап қобалжып тұрмын, байқауымша бұл кәдімгі қан алу процессіне ұқсайды және түкте ауыртпайды екен.

Шұғыл тестен өту үшін ең алдымен кдл.кз сайтына кіріп сауалдар парағын толтыру қажет. Жеке ақпарат Денсаулық Сақтау Министрлігіне жолданып, талдамадан өту үшін электронды кезекке тұрасыз.  Кейін сізге зертханадан хабарласып мекен жайыңыз бойынша орналасқан орталыққа қай уақытта келуге болатыны хабарлайды. Жалпы  мұндай шұғыл тест Қазақстанның 13 қаласында өткізіліп жатыр. Біздің өңірде сараптама жұмыстарының басталғанына 1 апта болған. Осы уақыт аралығында 100ге  жуық солтүстікқазақстандық шұғыл тесттен өтіп үлгеріпті.

АЙЖАН БИМАҚАНОВА, КЛИНИКА-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫҢ СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Тегін шұғыл тесттерді біз «Сәби» қайырымдылық қорының қолдауымен өткізудеміз. Талдама нәтижесі 2 түрге бөлінеді. Яғни G дегеніміз бұл адам коронавируспен ауырып шыққан немесе қазіргі кезде тасымалдаушы емес. Ал егер нәтижесі М болса онда адамның ағзасында қауіпті вирус бар және ол тікелей тасымаладушы болып табылады. Бұл жағдайда екінші рет тегін шұғыл тест тапсыру қажет, егер ол да оң болса онда ПТР тесттен өтуге міндетті.

Айта кету керек, шұғыл тест 100% нәтиже бермейді, күмәнді жағдайда, оны қайтадан өту керек.  

АЙЖАН БИМАҚАНОВА, КЛИНИКА-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫҢ СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- ПТР диагностикасында мұрын және ауыз қуысынан жағынды алынады. Ал, шұғыл тест жасалғанда алынған қан тест жолақшасы бар арнайы пластикті құрылғыға салынады. Және ағзада антиденелердің бар жоғы анықталады. Яғни, әрине ПТР тест әлдеқайда нақты көрсетеді.

ПТР тесттің құны 15мың теңге. Сол себепті, мамандар денсаулықты алдымен тегін шұғыл тест арқылы тексертуге кеңес береді. Тек сосын ПТРден өткен жөн.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

- Мамандардың сөзінше шұғыл тесттің нәтижесі жылдам дайын болады екен. Мен сағат 9-да зертханаға кіріп, қан тапсырған едім.Қазір сағат 11:30. Телефоныма тесттің нәтижесі туралы хабарлама келді. Ендеше поштаға кіріп бірге көрейік...... Қаунышыма орай теріс екен. Осы уақыт аралығында қатты қобалжыған едім. Бұл тестті сізде тапсыра аласыз және өз денсаулығыңызға алаң болмайсыз.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

 

Тақырып бойынша материалдар

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
20:32, 2 шілде 2020
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Толығырақ...
СҚО  ДӘРІХАНАЛАРЫНДА ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
17:18, 2 шілде 2020
СҚО ДӘРІХАНАЛАРЫНДА ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА 200 ОРЫНҒА ШАҚТАЛҒАН ҚОСЫМША ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАР АШЫЛДЫ
20:37, 1 шілде 2020
ПЕТРОПАВЛДА 200 ОРЫНҒА ШАҚТАЛҒАН ҚОСЫМША ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...