ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

ДЕНІ САУ ҰРПАҚ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

20:42, 11 қазан 2019

Дені сау ұрпақ – ел болашағы. Осы ұранмен «СҚО саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» студенттер арасында «Өзіміздің ойын» деген атаумен сұрақ форматында ойын өткізді.

Оған СҚ кәсіптік педагогикалық, Құрылыс – экономикалық және Машина жасау колледжінің студенттері қатысты. Ойын ережесі бойынша 3 адамнан құралған 3 команда сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы ұпай жинаулары тиіс. Сайыс түрінде өткен шарада қатысушыларға саламатты өмір салты, психологиялық және түрлі жұқпалы аурулар мен олардан қорғану бойынша сауалдар қойылды.

ИННА КАЛИМБЕТ, «СҚО САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ» ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз мұндай ойынды алдыңғы жылы да өткіздік. Мұнда жастар түрлі аурулардың шығу себебін, жеке гигиена, алкоголь мен шылымның зиянын түсініп, өз білгендерін ортаға салады. Ең бастысы саламатты өмір салтын ұстануға түрткі болады деп ойлаймын.

ИВАН БАУЛТКИН, ҚАТЫСУШЫ:

- Бізге оқу орынымызда осы ойынның өтетін айтты. Содан үш күн дайындалып міне келіп отырмыз. Мақсатымыз жеңіс емес, тек осында жиналған жастар алдында өзіміздің ойымызды ортаға салу, пікір алмасу. Өзім саламатты өмір салтын ұстанамын. Армрестлингпен айналсамын. Сондықтан бүгін ойынды тамашалауға келгендерді спортпен айналысуға шақырдым.

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...