ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ БАҚЫЛАУСЫЗ ҚОЛДАНУДЫҢ ҚАУПІ

17:52, 24 мамыр 2019

Антибиотиктердің жасалуы адамзаттың ұлы жетістіктігі болды. Осыған дейін өлімге әкелген тырысқақ, дизентерия, өкпе қабынуы тәрізді аурулар тиімді емделе бастады.

Алайда, мамандардың айтуынша, көп жылдар бойы антибиотиктерді бей-берекет тұтынудың салдарынан микроағзалар өзгеріске ұшырап, антибиотиктерге төзімді болып кеткен. Жағдай осылай жалғаса берсе, 20 жылдан кейін науқасқа операция жасау қиындай түспек. Ота жасатқан адам әдеттегі инфекцядан көз жұмуы мүмкін. Бұл мәселе дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын да алаңдатып отыр. Қазіргі таңда қазақстандықтар арасында түсіндіру жұмыстары өткізілуде. Тиісті мекемелер дәрі-дәрмектің саудасын бақылауға алды. Заңды бұзғандарға түрлі мөлшерде айыппұл қарастырылған. Бүгінде отандық дәріханаларларда 7000 астам дәрінің аталымына рұқсат берілген. 77 пайызы дәрігердің кеңесі бойынша босатылады.

АЙГҮЛ ТАКЕЕВА, ҚР ДСМ ФАРМАЦИЯ КОМИТЕТIНIҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТIНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Дәрігер ғана дәрі-дәрмекті белгілеп, оның курсын есептеп, дозасын дұрыс тағайындай алады. Медициналық препараттарды өз бетінше қабылдауға болмайды. Денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, қарапайым антибиотикті дұрыс тұтынбасаңыз аллергия туғызады. Тыныс алу жолдарына, бауыр, бүйрек тіпті жүректің жұмысын бұзады.

Тақырып бойынша материалдар

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
18:05, 15 қазан 2019
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар