ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА

13:04, 17 қазан 2019

Соңғы үш жылда Тайынша аудандық көпсалалы ауруханасына жұмыс істеуге 15 дәрігер келді. Қазір бұл емдеу мекемесі қажетті кадрлармен толық қамтылған. Тұрақты жұмыс, толық әлеуметтік пакет және лайықты еңбекақы жас мамандардың қызығушылығын тудырады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының тағы қандай артықшылықтары бар? Келесі сюжетке назар аударайық.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 Екатерина Олесиюк Қарағанды медицина университетін тәмамдаған. Оқу орнын бітірген жас маман көптеген ұсыныстың ішінен өз таңдауын Тайынша аудандық көпсалалы ауруханасына тоқтатыпты. Дәрігер осы ауданның тумасы болғандықтан да жерлестеріне өз пайдасын тигізгісі келген.

ЕКАТЕРИНА ОЛЕСИЮК, БАЛАЛАР ДӘРІГЕРІ:

- Аурухананы таңдаған кезде оның жарақтандырылуына да баса назар аудардым. Шынымды айтсам, бұл жердегі құрылғылар  жаңа, мекеме жақсы қамтылған.  Тәлім алатын дәрегерлер де жетерлік. Университетте алған білімді тәжірибеде қолданамын.

Дипломмен ауылға келген жас мамандар 1,5 млн тг көлемінде көтермеақы алып, баспанамен қамтамасыз етіледі. Биыл аудандық көпсалылы ауруханаға 4 маман келген, олар: жалпы практика дәрігері, терапевт, педиатр және хирург.  Жас мамандардың орташа жалақысы 200 мың тг.

АНАТОЛИЙ РАФАЛЬСКИЙ, ТАЙЫНША АУДАНДЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

- Шамамен алдағы 2 жыл дәрігер тапшылығын сезбейміз. Қазір мамандарды таңдап алатын болдық. Мәселен, биыл 6 дәрігер келсе, екеуін жұмысқа қабылдаған жоқпыз. Бірер жыл ауылды жерде қызмет атқарып, содан соң көшіп кететіндерді жұмысқа алғымыз келмейді, шынымен де осы аймақта қызметін адал  атқарғысы келетіндерге мүмкіншілік береміз.

Аудандық көпсалалы аурухана заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған, мұнда халықаралық стандарттарттарға сай қабылдау бөлмесі де жұмыс істеп жатыр.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...