ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ДҰРЫС СЕРІКТЕС БОЛ

21:23, 13 наурыз 2019

Енді перинаталдық орталықта босану үшін қасыңызға серіктес алғыңыз келсе, серіктесіңіз арнайы курстан өтуі керек. Өткен жылдың соңынан бастап, ақ халаттылар осындай ереже енгізіп отыр. Бұл жаңашылдық не үшін қажет, серіктес болу үшін нені білу маңызды, тілші тарқатады.

Нүктелі уқалау мен омыртқа массажы, дұрыс демалу және жақын адамның қолдауы. Босанып жатқан әйелдің қасында болатын серіктесі осы әрекеттерді жасай білуі тиіс. Серіктес ретінде анасы, жұбайы, құрбысы немесе басқа да туысы қатысА АЛАДЫ. Олар үшін оқыту курсын дәрігер-валеолог Людмила Ефимова жүргізеді. 15 жылдан бері аналардың жеңіл босануына үлес қосып келе жатқан дәрігер босану кезінде түрлі жағдайлардың болатынын жасырмайды.

ЛЮДМИЛА ЕФИМОВА, ДӘРІГЕР-ВАЛЕОЛОГ:

- Босанып жатқан жас келіншекпен бірге оның анасы кірді, байқап қарасам анасы тоқыма тоқып отыр, не істеп жатырсыз десем, өзімді тыныштандырып отырмын дейді. Оған өзіңізді емес, қызыңызды тыныштандырыңыз дедім. Кейде, келген күйеуі телефоннан бас алмай отырады, әйеліне көмектесуге келгенін ұмытып та кетеді.

Алина Құрмашева болашақ ана, сәуір айында алғашқы сәбиін өмірге әкеледі. Дәрігерлердің кеңесін мүдірмей орындап келеді.

АЛИНА ҚҰРМАШЕВА, БОЛАШАҚ АНА:

- Қазір қатты қорқып тұрған жоқпын, бәрі басталғанда қорқатын шығармын. Бірақ өзімді қолға алып, сәбиге де өзіме де зиян тигізбеуге тырысамын. Ол үшін серіктестің қолдауы қажет деп ойлаймын, жаныңда жақын адамың болса жақсы ғой.

Алинаның босанар кезіндегі серіктесі жолдасы Руслан болмақ. Жаттығу кезінде мамандардың әрбір кеңесін естен шығармауға тырысады. Қанша қобалжығаныммен жауапкершілікті сезінемін, - дейді ол.

РУСЛАН ҚҰРМАШЕВ:

- Келіншегім өмірге денсаулығы жақсы нәресе әкелуі үшін қолдау білдіремін деп шештім. Бізге дәрігерлер өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндірді, айы-күні жақындағанша тағы біраз үйренемін деп ойлаймын.

Енді серіктестер қатты қобалжып, жүгіріп дәрігерден көмек сұрап, қашып шығып, темекі тартпайтын болады, - дейді ақ халаттылар. Жас аналарға қолдау білдіріп, массаж жасайды, өлең айтуына да болады. 2018 жылы облыстық перинаталдық орталықта 2 мыңнан астам ана серіктестің көмегімен босанған екен, бұл жалпы көрсеткіштің басым бөлігі.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА ҚҰЛАҚ ҚУЫСЫНА ОТА ЖАСАЛАДЫ
14:57, 13 мамыр 2019
ПЕТРОПАВЛДА ҚҰЛАҚ ҚУЫСЫНА ОТА ЖАСАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛОРДАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДЕН ШЕБЕРЛІК САҒАТ
20:36, 3 мамыр 2019
ЕЛОРДАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДЕН ШЕБЕРЛІК САҒАТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...