ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ – НАЗАРДА

20:41, 25 сәуір 2019

Жылжымалы флюрография транспорты өте қолайлы және тұрғындарды кезек күттіріп, уақытын шығындамайды. Ғ.Мүсірепов ауданының тұрғындары осындай пікірде. Аудандық аурухана жақында ғана алған аппарат елді-мекендерді аралап, халықты денсаулығын тексеруге шақырып жүр. 50 млн. теңгеге алынған құрылғының қандай артықшылықтары бар, қай жағынан ыңғайлы, тілшіміз тарқатады.

Өткен жылы Ғ.Мүсірепов аудандық ауруханасы жылжымалы флюрография көлігін алды. Бұл көлікпен мамандар бүгінде қашықта орналасқан елді-мекен тұрғындарының денсаулығын тексеріп жүр. осыған дейін ауылдағы ағайынның өкпесін тексеру үшін аудандық аурухана мұндай транспортты көршілерінен жалға алып келген.

ВЛАДИСЛАВ РОМАНЦОВ, Ғ. МҮСІРЕПОВ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ФЛЮРО-ЗЕРТХАНАШЫСЫ:

- Бірнеше күннің ішінде 82 адам өтті. Сондықтан осы участкедегі жоспарды орындадық деп айта аламын. Бірақ сонда да келушілерді қарсы алып жатырмыз. Медициналық мамандар үй-үйді аралап, флюрографикалық транспорттың тұрғанынан хабардар етіп жүр.

Жаңа транспорт қыстыгүні жылытылады, ал жазда келушілер үшін кондиционер орнатылған. Мамандардың сөзінше флюрографияны көбіне егде жастағылар, саяжайда тұратындар, зейнеткерлер, диспансерлік тіркеуде тұрғандар және әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар өтулері тиіс.

- Флюрографиядан тез өттік. алғысымызды айтамыз. Бұрын тексерілуден өту үшін аудан орталығына баратынбыз, аса қиындығы жоққ, бірақ кезек күтуден шаршайтынбыз. Енді міне бәрі тамаша.

- Жылжымалы транспорт жұмысшылар үшін қолайлы. Жұмыста жүріп-ақ, алысқа бармай қараламыз. Қызмет көрсету сапасы да жоғары. Нәтижесін дәрігерімізге беретін болды, өзіміз әуре болмаймыз.

Жоспар бойынша жыл соңына дейін аудан көлемінде 5200 адам тексерілуі тиіс. Айта кету керек, аталмыш транспорт 50 млн. 440 мың теңгеге алынған.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар