ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

ЕЛ МЕДИЦИНАСЫ ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

20:31, 19 қараша 2019

Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты үшін жаңа ғимарат бой көтереді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық мекемені аралап, осындай шешім қабылдады. Өйткені институттың Қазақстан медицинасы мен ғылымына қосып жатқан үлесі орасан зор. Дәрігерлер осы жетістіктерді еселеп, отандастардың тез оңалуына озық технологияларды қолдана алуы үшін жаңа ғимарат қажет. Сондықтан президент нысан 2021 жылға дейін салынады деп уәде етті.

Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты – аталған сала бойынша озық технологияларды әзірлейтін бірден-бір ғылыми клиника. Бұдан бөлек, мұнда отандық дәрігерлер күрделі операцияларды  сәтті жүргізіп келеді. Ал жас буын білімін шыңдайды. Мекемеге арнайы келіп, ота жасайтын және реанимация бөлімдерін аралап болған соң, адам өмірі үшін арпаласып жүрген ақ халаттыларға жақсы жаңалығын жеткізді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Жаңа ғана бір үлкен шешім қабылдадық. 21 жылы мына жерде жаңа ғимарат болады. 26 миллиард теңге керек болып тұр. Тиісті тапсырмаларды үкіметке беремін бұл мәселе бойынша.

Бұл хабар тәжірибелі дәрігерлер мен ғалымдарды ғана емес, жас мамандарды да қуантты. Өйткені олардың дені бұл институтқа қарапайым көмекші болып кіріп, осы күні білікті дәрігерге айналған. Енді білімін одан әрі шыңдай түсуге ниетті.

- Мен осы травматология ғылыми-зерттеу институтында 2006 жылдан бастап жұмыс істеймін. Басында санитар болдым. сосын медбрат болдым. Қазіргі таңда жас дәрігер травмотолог болып жұмыс жасаймын. Президент: қарасам, мына жерде үлкен мансап жасапсың ғой. 2019 жыл жастар жылы болды ғой. Сол мүмкіншіліктің есебінен мен қазір магистратурада білім алып жатырмын. Жас дәрігерлерге қолдау көрсеткеніңіз үшін ұжым атынан алғыс айтқым келеді.

Ұжым демекші, бұл жерде 35 ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Олардың сегізі медицина ғылымдарының докторы болса, 24- і кандидат. Кесте: күн сайын 50-ден, ал жылына 8 мыңнан астам ота жасалады. Орталықта 385 емделушіге арналған 14 клиникалық бөлімше бар. Ал қосымша салынатын корпустың аумағы 23,2 мың шаршы метр болмақ. Онда 6 от жасайтын зал, 300 орындық оңалту орталығы, оқу бөлімдері мен медициналық бұйымдар шығаратын зауыт орналасады. Жаңа ғимарат бұл саладағы медициналық қызмет көрсету көлемін 45 пайызға арттырмақ. 

ОЛЖАС БЕКАРЫСОВ, «ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ» РМК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Осы біздің ғылыми-зерттеу институтының территориясында жаңа емдеу диагностикалық корпус салынады. Бұл корпус заманауи жаңа технологияларға сай. Соған біз өте қуанышытымыз.

Ғалымдар жаңа корпустың қолданысқа берілуін асыға күтуде. Өйткені жаңа технология мен мүмкіндіктер арқасында ел игілігі үшін пайдасы тиер жаңалықтар ашамыз деп отыр. Қазірдің өзінде институтта 7 бағытта зерттеулер жүргізіледі. Жақында отандық ғалымдар буын аурулары бойынша жетістікке жеткен көрінеді. Ғылыми зерттеудің арқасында кеселдің алдын алып, буындарды жасандыға ауыстырмаудың амалын тапқан екен.

- Табыс тілеймін, жұмыстарыңыз әрқашан да жемісті бола берсін. Елі үшін, халық үшін дегендей.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ КӨЛІКТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
18:01, 27 қараша 2019
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ КӨЛІКТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МӘМС БОЙЫНША ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 87% САҚТАНДЫРЫЛҒАН
20:52, 22 қараша 2019
ОБЛЫСТА МӘМС БОЙЫНША ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 87% САҚТАНДЫРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...