ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

21:26, 27 мамыр 2019

Әлеуметтік Медициналық сақтандыру қоры - медициналық көмектің стратегиялық сатып алушысы және төлеушісі. Ал бүгінгі таңда жеке тұлғалардың жарналары мен жұмыс берушілердің аударымдары қалай төленетіні туралы, сондай-ақ шарттық міндеттемелердің мониторингі жайында толығырақ әріптесім тарқатады.

Мамандардың айтуынша, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап медициналық сақтандыру қорында 173  млрд астам теңге жиналды. Солтүстік Қазақстан облысы 208 мың медициналық қызмет тұтынушылары үшін 4 млрд теңге аударды.

МҰРАТ ЖӘКЕНОВ, «ӘМСҚ» КЕАҚ СҚОФ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Төлеу тәртібі Денсаулық сақтау министрлігінің ережесіне сай жүргізіледі. Мониторингтен кейін орындалған жұмыс актілері бойынша нақты көрсетілген медициналық көмектің көлемі төленеді. Мониторинг ережелер бойынша жүргізіледі. яғни, біздің сарапшылар мониторингті диагностика хаттамаларына, емдеу хаттамаларына, яғни денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік актілеріне сәйкестігін тексереді.

Мұрат Жакеновтың айтуынша, СҚО-да өрескел бұзушылықтар анықталған жоқ. ДегенМЕН ел көлемінде жиі кездесетін қателіктерді айтып берді.

МҰРАТ ЖӘКЕНОВ, «ӘМСҚ» КЕАҚ СҚОФ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Биыл медициналық сақтандыру қорының сарапшылары мониторинг нәтижесінде 16 млн теңгені төлемнен алып тасталды. Медициналық ұйымдардың жұмысында 1300-ден астам бұзушылық анықталды. Көбінесе бұл Ақпараттық жүйелерді, сондай-ақ басқа да медициналық құжаттарды толтырудағы қателіктер.

2019 жылға СҚО медициналық ұйымдармен 51 шарт жасалды. Жалпы сомасы 30 млрд теңгені құрайды. Әдетте бұл мемлекеттік ауруханалар, емханалар, стационарлар, сондай-ақ жеке медициналық мекемелер.

Диана ЕСІМ

Тақырып бойынша материалдар

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
18:05, 15 қазан 2019
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар