ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЕЛГЕ ЕҢБЕГІ СІҢГЕНДЕР

13:06, 12 қазан 2020

Бір өзі анестезиолог-реаниматолог, трансфузиолог, нефролог. Шал Ақын ауданы  Сергеевка қаласындағы дәрігер Кенжетай Бекенов осы үш мамандықты қатар меңгерген. 24 жыл еңбек өтілі бар маман жүздеген адамның өмірін арашалап, алғысқа бөленген жан. Оның жерлесі Ремжан Баянтаева болса саналы ғұмырының 40 жылын мектепке, бала тәрбиесіне арнаған екен.

Бұл гемодиализ орталығы. Оның ашылғанына биыл 2 жыл. Созылмалы бүйрек ауруы кезінде гемодиализ емін науқастар аптасына кем дегенде 3 рет 4 сағаттан алады. Қазіргі уақытта мекемеде 8 науқас күнделкті ем-дом алуда. Аппарат арқылы бүйректері тазартылып, қан айналымдары реттеледі.

КЕНЖЕТАЙ БЕКЕНОВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНДЫҚ  ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ АНЕСТЕЗИОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

- Менің басты мамандығым анестезиолог-реанимотолог дәрігері. Қаламызда гемодиализ орталығы ашылғандықтан, осы саланы білетін маман қажет болды. Нефролог және анестизиолог мамандықтары бір-біріне жақын болғандықтан, осы жерге жұмыс істеуге келдім. Бұрын созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан аудандықтар облыс орталығында ғана ем алуға мәжбүр еді. Енді  Шал ақын ауданында да сосындай орталық ашылып, екі жылдың ішінде ондаған адамға көмек көрсеттік.

Кенжетай Молдосұлы Ресейдің Қорған облысында дүниеге келген. Кейін Целиноград мемлекеттік медициналық университетінде жоғары білім алып,  оны 1996 жылы тәмамдайды. Шал ақын ауданына жұмысқа орналасады. Осы жерде болашақ жарымен кездесіп, отау құрып екі баланың әкесі атанады. Бүгінде үлгілі отағасы, ардақты әке, білікті маман. 

ӘДІЛХАН АСҚАРБЕКОВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Жанұясы да өзі бізге үлгі. Ал жұмыста ол әмбебап маман. Бізге ауруханаға келіп жатқан барлық жас мамандар, медбике болсын Кенжетай Молдосовичтің тексеруінен өтеді. Осы жерде істеп кеткен қазір республикада, облыста істеп жатқан дәрігерлердің барлығы осы кісінің алдынан өткен жас мамандар болып келген.  Әріптес ретінде, жолдастық қасиеті үшін қатты бағалаймын.

Шал ақын ауданы Кривощеков ауылындағы  орта мектеп мұғалімі Ремжан Баянтаева 40 жыл математика пәнінен сабақ беріп келеді. Ұстаз қазіргі уақытта еңбек демалысында болғанымен, білім ордасы білікті маманмен қош айтқысы келмейді.

РЕМЖАН БАЯНТАЕВА, КРИВОЩЕКОВ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

- Барлығы математика пәнін қиын, бірден түсіну мүмкін емес деп ойлайды. Алайда, менің сабағыма келген әр оқушы тақырыпты жетік меңгере алады деп нақты айта аламын. Мәселен, оқуышым Щучье қаласындағы математика бағытындағы мектептің білім грантын жеңіп алды. бұл мектепке екінің бірі түсе бермейді.

Ремжан Кенесарықызы  түрлі жылдарда мектеп директоры, тәрбие іс жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған. Бірақ ешқашан ұстаздық кәсібін тастаған емес. Сол себептен болар, оның еңбегі еленіп, биыл Еңбек ардагері төс белгісімен марапатталды. 

 Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ҚАУЛЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
20:34, 23 қазан 2020
КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ҚАУЛЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...