ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

ЕЛОРДАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДЕН ШЕБЕРЛІК САҒАТ

20:36, 3 мамыр 2019

Облыстық кардиологиялық орталықта Нұр-Сұлтан қаласының кардиохирургиялық орталығының дәрігерлерінің қатысуымен «Жедел коронарлық синдром және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі» атты конференция және шеберлік сағаты өтті.

Мамандардың айтуынша 2019 жылдың 2 ай қорытындысы бойынша қан айналым жүйесі ауруларының салдарынан өлім-жітім көрсеткіші 6 %-ға төмендеген. 3 айдың ішінде облыстық кардиологиялық орталықта 467 коронарография, ашық жүрекке 34 ота сәтті жасалған. Елордалық Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың мамандары еліміздің әр аймағына барып жүректі ультра дыбыстық зерттеуден өткізу бойынша шеберлік сағаттарын өткізуде.

САЛТАНАТ ЖЕТЫБАЕВА, «ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ» АҚ КАРДИОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ:

Біздің басты мақсатымыз жіті коронарлық синдромның жүрек жеткіліксіздігінің бағдарламасын алға жылжыту және зерттеу. Осы бағдарламаның арқасында елімізде жасанды жүректі имплантациялау бойынша оталар сәтті іске асырылуда. Сондықтан оны әрі қарай әр облыс бойынша жетілдірмек ойымыз бар. Аймақтарда шешімін таппаған қандай мәселелер бар екенін біліп, кейін оны шешу үшін өз тарапымыздан қол ұшын созсақ па дейміз.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
18:05, 15 қазан 2019
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар