ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

ЕМХАНАЛАРДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

14:30, 8 сәуір 2019

Барша халықты саламатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулығына мұқият қарауға шақыратын Дүниежүзілік денсаулық күні қаланың емханалары ашық есік күнін ұйымдастырды. Шара аясында дәрігерлер мен медбикелер сенбі күні жұмыс орындарына шығып, қала тұрғындарын қабылдады. 

Алексей Михайлович Костюченко көп жылдық тәжірибесі бар травматолог дәрігер. Түрлі жарақатты, буын, омыртқа ауруларын емдейтін ол күн сайын  40 адамға дейін қабылдайды. Алайда менің көмегім әлдеқайда көп адамға қажет. Сондықтан денсаулық күніне орай өткізілген ашық есік күні жұмыс күндері келе алмайтындар үшін аса қажет дейді.

АЛЕКСЕЙ КОСТЮЧЕНКО, №2 қалалық емхананың травматолог дәрігері:

- Ауру асқынып кеткенше күтпеңіздер. Әсіресе жастар мен орта буын өкілдері күнделікті қарбаластан анда-санда мазалайтын дерттің белгілеріне мән бермей, жүре береді.  Оларға айтарым, денсаулықты күтіңіздер. Кез келген дерт бірден асқынбайды, әуелі олардың өзіне тән белгілері болады. 

Осы сенбіде кардиолог, невролог, хирург, онколог, эндокринолог және тағы басқа мамандар қабылдады.  Бұл күннің бір ерекшелігі, алдын ала жазылудың қажеті жоқ. Емханаға келіп, электронды талон алса болғаны.

ЖЕҢІС ӘБІЛЕВ, ҚАЛАЛЫҚ №2 ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

- Таңғы 8-ден 12 ге дейін қабылдаймыз. Скринигтік зерттеу, ЭКГ, жоспарлы таңу шаралары жүргізіледі.  Бірінші қабатта кез келген адам қан қысымын өлшей алады. 

№2 емханаға қаланың 79 600 тұрғыны тіркелген. Оның 9200-і дәрігерлердің есебінде тұрып, тегін дәрі-дәрмекпен қамтылады.

- Сенбі күні істегендері өте ыңғайлы. Кезек жоқ. Жазылудың да қажеті жоқ. Кардиологтың қабылдауында болдық. Өте ризамыз.

Жалпы қаланың емханалары әр айдың екінші сенбісі күні жұмыс істеп, қосымша қабылдау жүргізеді. Жұмыстан қолдары босамайтын азаматтар алдағы  демалыс күні де  барып, дәрігердің кеңесін ала алады.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ КӨЛІКТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
18:01, 27 қараша 2019
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ КӨЛІКТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...