ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЕҢБЕККЕ УАҚЫТША ЖАРАМСЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ БЕРІЛЕДІ

19:00, 15 наурыз 2019

Петропавлда еңбекке Уақытша жарамсыздық туралы құжат та электронды түрде берілетін болды. Облыс орталығының емханалары бұл жаңашылдықты жақында енгізіп, артықшылығын байқады. Олардың айтуынша,  қағазбастылықтан арылтатын құжат толтыру әдісі дәрігерлерге, сырқаттанушыларға және жұмыс берушілерге де ыңғайлы болып отыр.

Еңбекке уақытша жарамсыздық құжатын электронды түрде қалалық № 1 емхана тура бір жыл бұрын енгізді. Басты артықшылығы толтыруға уақытты аз алады. Емхананың учаскелік дәрігері Елена Плужникова құжат толтырудың жаңа әдісін тез меңгеріп, енді күнделікті жұмыста қолданып жүр.

ЕЛЕНА ПЛУЖНИКОВА, №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ УЧАСКЕЛІК ТЕРАПЕВТІ:

- Электронды құжатты ашқанда пациенттің аты-жөні, мекен жайы, жұмыс орны сияқты ақпарат автоматты түрде шығады. Біз диагнозын жазып, жұмысқа жарамсыздық мерзімі деген бөлігін толтырамыз. Келесі келгенде, дәрігер бума қағаздардың арасынан құжаттарын іздемейді. Электронды базадан бірден табады. 

Сырқаттанушы туралы барлық ақпарат электронды тіркеу базасында сақталғандықтан, дәрігерлер оның диагнозы мен емделу тарихын оңай таба алады. Емделушіге  де дәрігерлердің мөрін жинау үшін кабинеттерді аралаудық қажеті жоқ. Оған қоса, электронды құжат жоғалмайды.

АЛЕКСАНДР ГАССМАН, №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ СТАТИСТІ:

- Сырқаттанушы дамумед қосымшасы арқылы еңбекке жаламсыздық құжаты жайындағы мәліметті өзі тексере алады. Ол үшін QR кодты сканерлеп жеке парақшаға кіру қажет. Жұмыс беруші үшін де жаңа әдіс ыңғайлы. Жәрдемақының мөлшері  автоматты түрде саналады. Бұл құжатты қолдау жасау мүмкін емес, сондықтан сыбайлас жемқорлыққа да жол жоқ.

Жаңашылдықтың тағы бір артықшылығы, емхана бұған дейін қолданған қымбат бланкілерді сатып алмай, бюджетін үнемдейді екен.    

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА ҚҰЛАҚ ҚУЫСЫНА ОТА ЖАСАЛАДЫ
14:57, 13 мамыр 2019
ПЕТРОПАВЛДА ҚҰЛАҚ ҚУЫСЫНА ОТА ЖАСАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛОРДАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДЕН ШЕБЕРЛІК САҒАТ
20:36, 3 мамыр 2019
ЕЛОРДАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДЕН ШЕБЕРЛІК САҒАТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...