ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНДА БОЛДЫ Толығырақ

«ЕРІКТІЛЕР ЖӘНЕ ДӘРІГЕРЛЕР» ЖОБАСЫ

13:05, 11 қазан 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп бекітті. Осы мақсатта өңірімізде қазанның онынан бастап «Еріктілер және дәрігерлер» жобасы өз жұмысын бастап отыр. Бұл - пилоттық жоба, ел бойынша теңдесі жоқ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оның арқасында медициналық мамандықтың беделі артпақ. Дәрігерлер тапшылығы мәселесі де шешіледі.  Кеше М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жоғары медициналық мектебінің студенттері үшін осы жобаның таныстырылымы өтті. Толығырақ әріптесім тарқатады.

Денсаулық сақтау саласында ерікті болу үшін бір орында тұрмай, алға қарай жылжу керек.Ұйымдастырушылар бір апта бойы студенттердің жеке қасиеттері мен оқу үлгерімдерін тексеретін болады. Кейін барлық үміткерлер арасында 10 жас іріктелініп алынады. Одан соң, олар арнайы оқу курстарынан өтеді.

РҮСТЕМ АРМАНОВ, «ЕРІКТІЛЕР ЖӘНЕ ДӘРІГЕРЛЕР» ЖОБАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
- Оқу курстар екі аптаға жалғасады. Олармен реабилитолог-дәрігер мен жалпы практика дәрігері жұмыс істемек. Жалпы, бұл пилоттық жоба Ресей елінде жақсы дамыған. Қараша айының соңында өңірімізде халықаралық фестиваль өтеді. Оған Омбы қаласының мамандарын шақырттық. 

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ еріктілер қозғалысы белсенді жұмыс істеп келеді.

БОГДАН ПЕТРОВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ «САНАЛЫ ҰРПАҚ» ЖОБАЛАУ КЕҢСЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

- Біздің университетімізде волонтерлік қозғалысты дамыту бойынша жоспар бекітілген. Ол нақты волонтерлерді қолдау іс-шараларын көздейді. Біз жаңа идеяларды жүзеге асыратын боламыз. Қазіргі уақытта, біздің университетіміздің волентерлік қозғалысында 300-ге жуық адам бар. 

САБИНА АМАНТАЕВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ СТУДЕНТІ:

- Менің ойымша осындай жобаларды өткізіп тұру керек. Себебі, бұл өте пайдалы жобалар. Әсіресе, бізге. Біз бірінші екінші курс студенттеріміз. Осы жоба жайында мен негізі естідім. Және де менің алда қойған мақсатым осы университетте өзімнің зерттеу тобымды ашқым келеді. Мен ол жәрде әр түрлі ауруларды зерттеймін. Сонымен қатар, прфоессорлармен бірге дәрігерлермен бірге зерттелмеген ауруларды зерттеп, өз үлесімді қосқым келеді. 

Ұйымдастырушылардың сөзінше бұл жобаның арқасында медициналық мамандықтың беделі артып, дәрігерлер тапшылығы мәселесі шешілмек.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРДІҢ ЖАНАЙҚАЙЫНА МИНИСТР ЖАУАП БЕРДІ
20:32, 7 шілде 2020
ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРДІҢ ЖАНАЙҚАЙЫНА МИНИСТР ЖАУАП БЕРДІ
Толығырақ...
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
20:32, 2 шілде 2020
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ БОЛУЫ ШАРТ
20:30, 1 шілде 2020
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ БОЛУЫ ШАРТ
Толығырақ...