ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

ИГІЛІКТІ ІС

21:32, 2 шілде 2019

Петропавл қаласындағы №3 емхананың дәрігері Абылай Баяндин Астана медициналық университетінің түлегі. Оқу орнын аяқтаған жас маман Елордада қалмай туған жеріне қайта оралып, бүгінде қоғамға пайдасын тигізуде. Жас дәрігер біздің арнаға берген сұхбатында неге бұл мамандықты таңдағанын және Елордадан туған жерге оралуына не себеп болғанын айтты.

Абылай Баяндин М.Жұмабаев ауданының тумасы. Бала күнінде ауыр дертке шалдыққан оны ақ халаттылар өлім ауызынан құтқарып қалған екен. Осыдан кейін медицина мамандарына деген ерекше құрмет пайда болып, Абылай дәрігер болуды ұйғарады. Арманға қол жеткізу үшін Елордаға бет алған.

АБЫЛАЙ БАЯНДИН, ҚАЛАЛЫҚ №3 ЕМХАНА ДӘРІГЕРІ:

- Мен 2009 жылы Астана медициналық университетіне оқуға түсіп, 7 жыл оқыдым. Жалпы практикалық дәрігері мамандығының бакалаврын аяқтап, туған жеріме оралдым. Өйткені Петропавлда ата-анам тұрады, оларға көмектесуім керек. Әрі туған жерімде маман тапшы болғандықтан, осында келуді шештім.

Абылайдың мамандықты таңдауына отбасы да үлкен ықпал еткен. Өйткені анасы акушер-гинеколог, қарындасы мен күйеу баласы да медицина саласында, бәрі қалалық №3 емханада жұмыс істейді.

АБЫЛАЙ БАЯНДИН, ҚАЛАЛЫҚ №3 ЕМХАНА ДӘРІГЕРІ:

- 2016 жылы оқуды аяқтап, жұмыс істеуге келгенімде мемлекет тарапынан берілетін көмектің бәрін алдым. Денсаулық сақтау басқармасы мен жұмыс істейтін емханадан қолдау бар. Менің участкеме жаңа туған нәрестеден ересектерге дейін екі мыңға жуық адам тіркелген. Сол балалар көз алдыңда өсіп келе жатқанын сезіну үлкен бақыт екен.

Абылай Баяндин мектеп түлектеріне медицина мамандығын таудауға кеңес береді. Өйткені дәрігердің көмегімен тәуір болған азаматтардың алғысы үлкен қуаныш сыйлайды, әрі қарай жақсы жұмыс істеуге жігерлендіреді, - дейді ол.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
18:05, 15 қазан 2019
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар