ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ҚОСЫМША АШЫЛҒАН 15 ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖАБЫЛДЫ

20:31, 30 шілде 2020

Жұмысы уақытша тоқтағандар әлеуметтік жәрдемақыны тамыз айында да алады. Екі аптаға созылған карантин мерзіміне 42500 теңгенің жарты сомасы төленеді. Бұл туралы бүгін премьер министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.Жиында тағы қандай мәселелер қамтылды? Тілшіміз айтсын

ҚОСЫМША АШЫЛҒАН 15 ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖАБЫЛДЫ

4 апталық ногдаун нәтижесіз емес. Елде вирус жұқтыруды тоқтатпағанмен, тежеді. Ауруханаға ауыр халде түсетіндер еселеп кеміді. Төсек орындары біртіндеп босап жатыр. Елде қосымша ашылған 15 провизорлық орталық жабылды. Дегенмен, тоқмейілсуге әлі ерте.

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Вирус жаңа шындықты көрсетті. СКЛ 1:29:42 Жаңа сын қатерлерге бейімделуіміз керек. Ашығын айтқанда салт дәстүр жағдайға баланысты қайшы келіп тұр. Сол үшін уақытша бас тарту керек.

КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСТІҢ ЕҢ НЕГІЗГІ ЖОЛЫ - МАСКА ТАҒУ

Ахуал тұрақталғанмен, күніне мыңнан астам адамнан індет табылып отыр. Демек, әлі вирустың тізбегі үзілген жоқ. Мемлекет пен дәрігерлер қосылып, күрессе де індетті 30-40 пайызға ғана азайта алады. Вируспен күрестің негізгі жолы – маска. Бір адамның бетперде таққаны қауіпті 30 пайызға дейін кемітеді. Сондықтан аурудың өрбу сценарийі халықтың өз қолында.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

- Біз халықаралық тәжірибеге қанықтық. Тек бізде емес әлемнің көп елінде масканы жабық ғимараттарда, көлік те және көшеде тағу міндетті. Мысалы АҚШ-тың 43 штатында бетпердеменн жүру міндеттелген. Польша, Австралия, тағы вирустың таралу деңгейі төмен Словакия мен Вьетнамда да маска тағу қатаң талап.  

АЛДАҒЫ 2 АПТА ТАБЫССЫЗ ҚАЛҒАНДАРҒА 21250 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕДІ

Алдағы екі апта да елде қатаң карантин жалғасады. Осы кезеңде жұмысы тоқтап, табысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Жарты айға. Сол себепті, 42500 теңгенің тең жартысы беріледі.  Алдағы екі апта бұл бір жағынан карантин, бір жағынан дайындық кезеңі. Яғни, бірте-бірте шектеуді жеңілдету үшін барлық мекеме санитарлық сақтық шараларын пысықтайды. Ендігі екпін – алыстағы ауыл аймақтың хәлі.

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

- ИВЛ-дар, басқасы бар толықтай 1-ші қазанға дейін Қазақстанда қамтамасыз етіледі. СКЛ 1:26:32 2000 мың концентрат 4-2-сі күні елге жеткіземіз.

КӨЗ ЖҰМҒАН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ОТБАСЫНА 10 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

Бүгінде дендеген дерттің ортасында жүріп, өздері сырқаттанған 120-дан астам дәрігер тиесілі үстемақыларын алды. Ал қызмет барысында көз жұмған 71 медицина маманының отбасына жақын күндері 10 млн теңгеден табысталады.

 

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДЫҚ АУРУХАНАҒА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ
20:40, 6 тамыз 2020
АУДАНДЫҚ АУРУХАНАҒА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ СЫЙҒА ТА...
Толығырақ...
7 ДӘРІХАНАДА БАҒАНЫ ӨСІРУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
17:15, 6 тамыз 2020
7 ДӘРІХАНАДА БАҒАНЫ ӨСІРУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...