ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ҚАН ТАПСЫРУ АКЦИЯСЫ

18:13, 10 қыркүйек 2019

Облыс орталығында «Қызыл жарты ай» қоғамы жергілікті филиалының ұйымдастырумен  «Қан тапсыр-өмірлерді құтқар» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.

Қайырымдылық шарасы басталғаннан бері 50-ден астам адам сауапты іске ат салысыпты. Оның ішінде төтенше жағдайлар мен мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары бар. Биыл науқанға дәстүрге сай Ұлттық ұлан әскери институтының курсанттары да қатысып, қан тапсырды. Айта кету қажет, аталмыш акция қазанның бесіне дейін жалғасады. Осы аралықта әрбір адам облыстық қан орталығына келіп, донор бола алады.

АЙДОС ҚАЙЫРБАЙ, ҚР ҰҰӘИ КУРСАНТЫ:
- Әр адамның кішкене болса, денсаулығына бір жақсы жағынан сауапты іс істеген нәрсе, ол біз үшін үлкен құрмен болып табылады. Үлкен абыройлы іс деп ойлаймын. Алдағы уақытта да тапсырып тұрамын. 

СӘУЛЕ ОРАЗОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ «ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ» ҚОҒАМЫНЫҢ СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгін Ұлттық ұлан әскери институтының 25 курсанты қан тапсырды. Қазіргі таңда, облыста қан тапшылығы сезіледі. Статистика мәліметіне сүйенетін болсақ, елімізде әрбір 1000 тұрғынға 18 донордан келеді. Бұл- өте аз. Кемінде 50-60 адам болуы керек. Сондықтан, барша солтүстікқазақстандықтарды аталмыш науқанға қатысуға шақырамыз. 

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДЫҚ АУРУХАНАҒА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ
20:40, 6 тамыз 2020
АУДАНДЫҚ АУРУХАНАҒА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ СЫЙҒА ТА...
Толығырақ...
7 ДӘРІХАНАДА БАҒАНЫ ӨСІРУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
17:15, 6 тамыз 2020
7 ДӘРІХАНАДА БАҒАНЫ ӨСІРУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...