ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

КЕНЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ

17:55, 14 мамыр 2019

Өңірде кене энцефалитіне қарсы екпе жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде зиянкестер өте белсенді. Осы орайда, мамандар табиғатқа шыққанда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Сәуір айынан бері 96 солтүстікқазақстандық дәрігерге жүгінген. Кене шаққандардың тең жартысы 14 жасқа дейінгі балалар. Ресми мәліметке сүйенсек, зиянкестерден зардап шегушілердің қатары артып келеді. Осы орайда мамандар екпені емханаларда тегін алуға кеңес береді. Әсіресе, бұл далада, ормандар мен жолдарда жұмыс істейтіндерге қатысты.  Биыл кене энцефалитіне қарсы 1000-нан астам адам екпе жасатыпты.

ГҮЛНАР АЖДАРОВА, СҚО ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Кенелер өсімдіктер арқылы 1 метр биіктікке дейін көтеріле алады. Маңайда өткен адамға тез жабысады. Далада көп жүресеңіз ақшылт түске киініп, үсті-басыңызды әлсін-әлсін қарап, қағым тұрғаныңыз абзал. Кене 1-2 сағаттың ішінде денеге жабысып алады.Оны пинцетпен немесе залалсыздандырылған инемен айналдырып алу керек. Шаққан жерін қасуға болмайды. Йод немесе спиртпен сүртеді. 

Кене шаққаннан кейін дене қызуы көтерілсе дәрігерге қаралған жөн.

ЗЕРГҮЛ СҰЛТАНОВА, ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ СҚОФ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:

-  Кене энцефалиті – адамның  орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру. Жыл сайын біз кенелерді өңір аудандарынан алып келіп, олардың бойында аурулардың бар-жоқтығын тесереміз. Әзірге, дабыл қағатындай жағдай туындаған жоқ. Кенелер таза.

Бүгінде Петропавл қаласы бойынша 189 гектар жер дәріленіпті. Алдағы уақытта Жамбыл ауданында 400 гектар алқапта дератизациялау жұмыстары атқарылмақ.  Бұл шара кенелерді тасымалдайтын тышқан, егеуқұйрық сияқты кеміргіштердің санын азайтуға бағытталған.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ КӨЛІКТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
18:01, 27 қараша 2019
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ КӨЛІКТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...