ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ НОБАЙЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

20:35, 9 қыркүйек 2019

Денсаулық сақтау саласында қызмет сапасын арттырып, медициналық туризмді дамыту міндеті тұр. Осы орайда облыс орталығындағы бірнеше емдеу мекемесі көпбейінді ауруханаға шоғырландырылмақшы.  Көп кешікпей басталатын нысанның құрылысына инвестордың қаражаты тартылмақ. Түркия кәсіпкерлері облыс әкіміне көпбейінді аурухананың нобайын көрсетті. Шетелдік ағайын құрылысқа қажет рұқсат құжаттарын отандық стандартқа сәйкестендіріп, маңызды шаруаға білек сыбана кірісуге сақадай-сай.

Көпбейінді аурухананың орналасатын орны белгілі. «Шығыс» ықшам ауданында тұрғзылмақшы. Болашақ медициналық мекемеге бөлінген аумақ түркия инвесторларына да ұнады. Шетелдіктер уақыт оздырмай маңызды шаруаға білек сыбана кірісуге дайын. Әкімдік тарапынан тиісті қолдау мен қадағалаудың болғанын қалайды. Құмар Ақсақалов бастаған істі соңына дейін жеке бақылауында ұстауға уәде етті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Халыққа сапалы медициналық қызмет ұсыну күн тәртібіндегі мәселе. Солтүстікқазақстандықтардың сырттан медициналық жәрдем іздегенін қаламаймын. Керісінше, барлығы, соның ішінде шетелдіктер де бізге келіп емделуі қажет. Көпбейінді ауруханамен қоса қабат медициналық туризмді дамыту жағын егжей-тегжейлі қарастырамыз. Нәтижесінде өңір қазынасына мол қаражат түспек. Және аймақтар арасында озық үлгідегі аурухана солтүстікте ғана бар дегенді есту жоғары мәртебе. Өзіме осындай жоғары мақсат қойып отырмын. Және соған жетудің амалын қарастырамын.

АРСЛАН ХУСЕЙН, «YDA HOLDING» ТҮРІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- Қазақстанның солтүстігінде әкімдік тарапынан инвесторларға зор қолдау көрсетіледі. Құмар Іргебайұлы осы жоба бастан-аяқ жеке қадағалауыңызда болса деймін. Біз көпбейінді аурухананы халықаралық стандартқа сай етіп  тұрғызамыз. Нобайын сіз мақұлдағанан кейін жергілікті стандартқа бейімдейміз.

Болашақ аурухананың жатын орнының саны белгісіз. Бір анығы, саны 500-ден асып жығылады. Сол ғимаратта онкология, кардиология сынды бірнеше емхана топтастырылады. Операция, магниттік резонанстық, компюьтерлік томографиялар, химия терапия, инфекциялық және сервистік бөлмелерге бөлек  кіреберістер қарастырылған.

АРСЛАН ХУСЕЙН, «YDA HOLDING» ТҮРІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- Аурухананың маңына тікұшақ қонатын алаң болады. Өйткені, сіздер Ресейден көп турист келеді деп жоспарлап отырсыздар. Соны ескеріп, сервистік қызметі бес жұлдызды қонақүйден кем түспейтін қонақ үй тұрғызып беруді шештік. Бұдан бөлек жанында конференция ғимараты салынады. Онда халықаралық маңызы бар жиындарды өткізуге болады. Сонымен қатар, медицина мамандары мен аурухана қызметкерлері  үшін арнайы дәмхана қарастырылған.

Көпбейінді мекеменің іргетасы қазан айында қаланады. Құрылысы 2 жылға жоспарланған. Осы мерзімде жергілікті әкімдік 200 дәрігерді шетелдегі біліктілікті арттыру курстарына жолдап, оқытып алмақшы. Сөзден сөз туады. Осы орайда, түрік ағайындары мамандардың тәжірибесін арттыруға қол ұшын бере аламыз деді. Сәтін салып, бәрі ойдағыдай болса, көпбейін аурухананың таспасы 2022 жылы қиылады.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСТАРДЫ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
20:46, 14 қараша 2019
ЖАСТАРДЫ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Толығырақ...
МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ
13:05, 12 қараша 2019
МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ
Толығырақ...
ОФТАЛЬМОЛОГ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ
20:48, 11 қараша 2019
ОФТАЛЬМОЛОГ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...