ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРУДЫҢ 2 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

13:00, 18 мамыр 2020

Мамырдың 17-і өңірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 жаңа әкелінген жағдайы тіркелді. 2000 жылы туған студент Ресей мемлекетінің Түмен қаласынан 15 мамыр күні  келген.  Келісімен  COVID-19-ға тексеріліп, Мамлютка қаласында мекенжайы бойынша орналасқан карантиндік стационарға оқшауланды. Ал, екінші науқас елге мамырдың 16-ы Омбы қалсынан кірген. Ол - 1988 жылы туған азамат, жүк тасымалдаумен айналысады. Қазіргі таңда науқастарман байланыста болған адамдардың саны анықталуда. Эпидемиологиялық тексеру жалғасады.

Мамырдың 18-і жағдайы бойынша СҚО аумағында  COVID-19 жұқтырудың 38 дерегі тіркелген, оның ішінде жұқтырған бір адам Көкшетау қаласынан.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде жұқпалы аурулар бөлімінде 7 науқас ем алып жатыр. Провизорлық стационарда – 35, карантиндік стационарда 162 адам оқшауланған. Ал үй карантинінде 384 адам отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ТАҒЫ 2 АДАМ ТІРКЕЛДІ
17:15, 28 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ТАҒЫ 2 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар