ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА СЕНАТОР Е.СҰЛТАНОВ КЕЛДІ Толығырақ

КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 1300 ДӘРІГЕР, 1700 МЕДБИКЕ ЖЕТІСПЕЙДІ

20:35, 9 шілде 2020

Коронавирусті емдеуге 3000-ға жуық маман жетіспейді. Бүгін денсаулық сақтау саласының өкілдері жеке орталық қызметкерлерін көмекке шақырды. Маман тапшылығы елордамен қатар, еліміздің 9 өңірінде сезіліп отыр. Сондай-ақ бүгінгі баспасөз брифингінде министр карантин режимі ұзара ма деген сауалға да жауап берді. Толығырақ Раушан Сайлауқызының материалында.

Коронавирусті емдейтін мамандар Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, батыс, солтүстік, шығыс Қазақстан облыстарында жетіспей жатыр. Министрлік медициналық білімі бар түлектерді түгел жұмысқа тартуды көздеп отыр. Жекеменшік емханалардың да қолдауы қажет.

ЖАР ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- 1400 дәрігер,  1700 медбике жетіспейді. Министрлік тарапынан  мобилизациялау туралы айтылды. Министрлікке бағынышты емес, жеке республикалық мекемелердің бәрі коронавирусты емдеуге жұмылған жоқ. Сондықтан білікті мамандарды, әсіресе  инфекционист, пульмонолог, реантиматолог дәрігерлер мұндағы әріптестеріңізді қолдаңыздар. Көмектесіңіздер.

 КАРАНТИН РЕЖИМІ ҰЗАРА МА?

Ал көпшілікті алаңдатқан қатаң карантин режимі ұзара ма деген сауалға министрдің өзі жауап берді.

 АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

- Қазір біз аз да болса нәтижелерді байқап отырмыз. Бірақ оның тиімділігі келер аптада немесе  екі апта өткен соң белгілі болады. Содан кейін ғана карантинді ұзарту, ұзартпау туралы шешім шығарылады. Бұл мәселені отандық және шетелдік мамандармен ақылдасып жатырмыз.

ҚАН ПЛАЗМАСЫМЕН ЕМДЕУ  ІСІ БАРЛЫҚ НАУҚАСҚА ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ

Қазір көп айтылып жүрген қан плазмасын барлық науқасқа құюға болмайды. Тек стационарда, науқас қанында вирусы көп сырқаттарға ғана құйылады. Қазіргі уақытта елімізде 420 плазма дайындалған. 56 науқасқа қолданылып, 90 пайызының жағдайы жақсарды. Ал пневмонияға қатысты соңғы деректер өте ауыр. Мысалы былтыр 7 шілде күні 56 адамның өкпесі қабынса, биыл дәл осы күні 11 385 адам пнвемониямен ауырған. Мамандар бұған коронавирустың ықпалы көп деп отыр.

АЖАР ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- 2019 жылы жарты жылдың ішінде 63436 адам пневмониямен ауырса, биыл, 98546 адам ауырып отыр. 55,4  пайызға өсіп отыр. Ол коронавируспен байланыста болғаны белгілі. Оны біз жасырмаймыз.

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ САНЫ РЕСМИ СТАТИСТИКАДАН КӨП БОЛУЫ МҮМКІН

Министр коронавирус жұқтырғандардың саны ресми статистикадан көп екендігін мойындайды. Өйткені, барлығы бірдей тест тапсыру мүмкін емес. Дегенмен дәл қазіргі уақытта, оның маңызы жоқ. Тек сақтық шарасына, емдеу ісіне көп көңіл бөліп, дәрігер нұсқауына құлақ асқан жөн. Тағы бір ескерерлік жайт, 18 жасқа дейінгі балалар ауырса, ересектердің өкпесі қабынса дәріні тегін алуы тиіс. Ол үшін учаскелік дәрігер нұсқаулығы қажет. Ал жуырда құрылған  500-ге жуық мобилді бригада жұмысын әлі бастаған жоқ. Өйткені, сақтандыру қоры тарапынан қаржыландыру мәселесі шешілмей жатыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС КОРОНОВИРУС ІНДЕТІМЕН КҮРЕСІ ҮШІН 1,5 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАЖАТ БӨЛДІ
20:40, 30 шілде 2020
МӘМС КОРОНОВИРУС ІНДЕТІМЕН КҮРЕСІ ҮШІН 1,5 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАЖА...
Толығырақ...
ҚОСЫМША АШЫЛҒАН 15 ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖАБЫЛДЫ
20:31, 30 шілде 2020
ҚОСЫМША АШЫЛҒАН 15 ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖАБЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
20:37, 29 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
20:35, 30 шілде 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
Толығырақ...
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
20:42, 30 шілде 2020
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...