ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

20:33, 27 наурыз 2020

Өкінішке орай Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды. 64 жастағы әйел Ақмола облысына қарасты Қосшы ауылының тұрғыны. 

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясовтың айтуынша марқұмның өліміне қант диабеті мен тыныс алу жолдарының тарылуы себеп болған. Ал өкпе дертіне коронавирус індеті әкеп соқтырған. 25 наурыз күні таңғы 7-де жағдайы нашарлаған науқас жедел жәрдеммен Ақмола облына қарасты № 2 көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Ол медициналық мекеме Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Кеше таңертең азаматша  қайтыс болған. Мамандар зейнеткердің 13-17 наурыз аралығында Алматы және Шу қалаларында қонақта болғанын айтады. Ал дәл қазір марқұм жатқан аурухана карантинге алынды. Отбасы мүшелері де оқшауланды. 

СЕРІК ОМАРХАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ТАУАРЛАРДЫҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қайтыс болған азаматшамен байланыста болғандар анықталып оқшауланды.  Олардың барлығына медициналдық  тексеру жүргізіледі. Бүгін марқұмды ң жерлеу рәсімінен кейін ол үй толығымен залалсыздандырылады. Оны Ұлттық сараптама орталығы жасайды.

Ал марқұмды  қалай жерлеу керектігі туралы бүгін кешке немесе ертең таңертең   еліміздің бас санитарлық дәрігерінің ресми қаулысы шығады. Ол жерде қатаң сақталуы керек ережелер көрсетіледі. Дәрігерлер айтқан санитарлық талаптарды орындау қажеттілігі туралы имамдар мен шіркеу қызметкерлер тиісті ескертулер әзірледі.

Тақырып бойынша материалдар

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 110 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
17:19, 26 қаңтар 2021
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 110 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ
17:17, 26 қаңтар 2021
КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ
Толығырақ...
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 107  АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
17:17, 25 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 107 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...