ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТӘРТІБІ Толығырақ

КОРОНАВИРУСТАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

17:27, 19 наурыз 2020

Петропавлдағы бірінші қалалық аурахананың жұқпалы аурулар бөлімшесінің дәрігерлері әлемді, енді міне қазақстандықтарды алаңдатып отырған індетпен қалай күресуге болатындығы жайында ақыл-кеңес берді.

Мамандардың пікірінше, коронавирустың басты жауы – жеке бас гигиенасы. Қолды мұқият жуып, антисептиктерді қолдану қажет, ал қолмен көзді, мұрынды және ауызды ұстамау керек. Адамдар көп шоғырланған жерге бармау да індеттің жұғуынан сақтайды.  Бүгінгі таңда коронавирусты толығымен емдеп шығатын дәрі-дәрмек ойлап табылған жоқ. Сондықтан, осындай қарапайым ережелерді ұстанған жөн, дейді мамандар. Бірінші қалалалық ауруханының жұқпалы аурулар бөлімшесі 40 орынға шақталған. Қазіргі таңда мұнда 10-ға жуық адам ішек инфекциясынан ем алуда. Вирустық жұқпалы аурулар тіркелмеген екен.

ҒАЛИЯ СЫЗДЫҚОВА, №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БӨЛІМШЕСІНІҢ ДӘРІГЕРІ:

- Коронавирус ауруына күдікпен түскен сырқатты дәрігерлер арнайы қорғайтын костюмдерін киіп,  боксқа орналастырады. Оның жеке кіріп, шығатын есігі болады.  Содан соң, түрлі талдаулар жасалынады. Талдауларды жергілікті жұқпалы аурулар зертханасына жолдаймыз. Олар өз кезегінде Алматы қаласына жібереді, шамамен 4-6 сағаттың ішінде жауабын аламыз. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА COVID-19 ВИРУСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАР АРТЫП КЕЛЕДІ
20:35, 3 сәуір 2020
ОБЛЫСТА COVID-19 ВИРУСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАР АРТЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
20:31, 3 сәуір 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ
17:16, 31 наурыз 2020
ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ
Толығырақ...
АУДАНҒА ҚОСЫМША КҮШ-ҚҰРАЛДАР ЖІБЕРІЛДІ
17:18, 30 наурыз 2020
АУДАНҒА ҚОСЫМША КҮШ-ҚҰРАЛДАР ЖІБЕРІЛДІ
Толығырақ...
СОТТАЛҒАНДАР ТУЫСТАРЫМЕН БЕЙНЕБАЙЛАНЫСҚА ШЫҚТЫ
17:20, 30 наурыз 2020
СОТТАЛҒАНДАР ТУЫСТАРЫМЕН БЕЙНЕБАЙЛАНЫСҚА ШЫҚТЫ
Толығырақ...