ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

ҚҰС ТҰМАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 10 ЕЛДІМЕКЕН КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ

17:20, 17 қыркүйек 2020

Қыркүйектің 9-ы мен 11-і аралығында Тимирязев, Ғ.Мүсірепов, Шал ақын аудандарында үй құсы қырылып жатқаны белгілі болды. Бірнеше күн өтер-өтпестен дәл осындай жағдай Тайынша, М.Жұмабаев,Қызылжар, Жамбыл аудандарында тіркелді. Ветеринарлардың сөзінше талдама нәтижесі құс тұмауын көрсеткен. Бұл ВИРУС жабайы құстардан жұққан дейді мамандар.

Қазіргі таңда өңірдің 7 бірдей ауданының 10 елді-мекенінде  құс тұмауының ошағы анықталған. Тұрғындар қырылған тауық, үйрек, қаздарын өртеуде. Мамандардың сөзінше вирустың таралуына жол бермеу үшін бірқатар іс-шаралар қолға алынды. Солардың бірі екпе жасау, карантин енгізіп, дезинфекциялық жұмыстарын жүргізу.

БЕРІК ӘЛЖАНОВ, СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Бүгін ресми түрде Ұлттық референттік орталықтан зерттеу нәтижелері алынды. Сол нәтиже бойынша құс тұмауы диагнозы анықталды.Қазіргі таңда әкімдік қаулысымен осы 7 ауданның елді-мекендерінде карантиндік шаралар енгізілді. Карантин кезінде осы ауылдардан  құс өнімдерін шығаруға тиым салынады.

ВакцинаЦИЯ жүргізу үшін республикалық қордан 870мыңға жуық препарат бөлінді. Құс тұмауы шыққан ошақтарда республикалық эпизоотияға қарсы отрядтар жұмыс істеп жатыр. Ветеринарлар әр ауланы аралап, бір аулада қанша құс қырылғаны жайлы ақпарат жинауда.  Кейін үй құстарының иелеріне өтемақы төленбек.

МАРАТ ЫБЫРАЕВ, ВЕТЕРИНАРЛЫҚ  БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ АЙМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫ:

-  Ауылдарда қай үйдің ішінде құстар өлді соларды біздің ветеринар мамандарымыз комиссия құрып санайды. Ақша алу үшін дәлелдеу керек қой. Акт құрады. Оның өзінің порядігі бар.

Өтемақы алу үшін құс иелері өтініш беруі керек. Ақша картаға аударылады. 7 ауданнан тірі құс және жұмыртқа, мамық пен қауырсын, құс еті мен құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерін, құстарға арналған жемшөп пен  қоспаларды, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған құстарды күтіп-бағуға, союға және мүшелеуге арналған жабдықтарды шығаруға уақытша шектеулер енгізілді. Ал 10 елдімекенге енгізілген карантин аурудың соңғы жағдайы тіркелген күннен кейін 3 апта өтісімен алынады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

КЕЛЕР ЖЫЛЫ МҮГЕДЕКТЕР ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛ АШЫЛАДЫ
20:44, 23 қараша 2020
КЕЛЕР ЖЫЛЫ МҮГЕДЕКТЕР ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 96 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
17:15, 23 қараша 2020
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 96 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...