ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

МАШАҒА КӨМЕК КЕРЕК!

20:45, 23 тамыз 2019

Алдыңғы хабарларымызда 1,5 жастағы Мария есімді науқас қызға көмек керектігі жайлы айтқан болатынбыз.  Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы сырқат нәрестенің ем-домына қаражат жинау мақсатында қайрымдылық шарасын өткізді.  Концерттік бағдарламаға өңір өнерпаздары қатысты. Осылайша жәрдемге зәру сәбидің дертіне халықтың назарын аударуға тырысты.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

Дәрігерлер бір жарым жасар Мария Истоминаның жұлынан ақау тапқан. Дей тұрғанмен бүлдіргшіннің толықтай жазылып кетеріне 100 пайыз кепілдік беріп отыр. Тек қомақты қаражат қажет. Сондықтан да науқас баланың анасына қолқабыс болу үшін облыстық қазақстан халықтары ассамблеясы қайырымдылық шарасын ұйымдастырып отыр. Олар мұндай игі шараны өткізетін орынды кездейсоқ таңдай салмаған. Бұл халық ең көп шоғырланатын Қазақстан Конституциясы көшесі. Мұнда қайырымды жандар өздерінің қолдан жасаған бұйымдары мен тағамдарын саудаға шығаруда, сондай-ақ көңілділер өткен-кеткенге Марияның ем-домына көмектесулерін сұрап түрлі жаднамалар таратуда.

Шараға Машаның анасы Оксана да келген. Оның айтуынша бойына біткен нәрестеде патологияның барын білген. Дәрігерлер оны бұл жайында хабардар етіпті. Әйтседе ол сәбиін дүние әкелуге шешім қабылдаған. Туа бітті дерті бар Машаға енді ақшалай көмек керек. Елордалық дәрігерлер емдеуден бас атртып қайтарып жібергенмен, баласының сауығып кететінінен үміт үзбеген ана қаржы жинаудың қамына кіріскен.

ОКСАНА ИСТОМИНА, МАРИЯНЫҢ АНАСЫ:

Елордалық дәрігерлер емдеуден бас тартып, қайтарып жіберді. Олар аяқтың тірек қиымылын басқаратын тамырлар мен клеткаларды зақымдап алудан қорқады. Сондықтан Израильдің мамандарына жүгіндік. Олар ота жасауға келісіп отыр

Бүлдіршіннің ауруы жайлы естіген Қазақстан Халық ассамблеясінің өкілдері қайырымдылық шарасын өткізіп, науқас сәбиге аз да болса көмектесуді ұйығарыпты.

АЙНҰР ӘБІЛТАЕВА, ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КММ ЖЕТЕКШІ САРАПШЫСЫ:

- Біз мұндай қайырымдылық шараларды әр ай сайын өткізіп тұрамыз. Мысалы осы тамыз айы «Жылу» қайырымдылық айы деп бекітілді. Оның аясында әлецметтік аз қамтылған отбасыларға, сырқат баларға көмектесеміз. Бүгінгі шара соның біреуі. аз да болса көмегіміз тисе екен дейміз.

Шарада өңір өнерпаздары ән шырқап, қайырымды жандар жәрмеңке ұйымдастырды. Жиналған қаржы толықтай Марияның еміне жұмсалады.

ОЛЬГА ЕРМАК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Бүгінгі қайырымдылық шарасына өз қолыммен жасаған бұйымдарды алып келдім. Мұндай игі істерден қалыс қалмауға тырысамын.

Машаны Израиль елінің дәрігерлері емдейтін болыпты. Операцияның құны 49 мың 750 доллар. Бұдан бөлек басқа да шығындарға 5-6 мың доллар қажет. Көмек қолын созғысы келетін адамдар болса Маша Истоминаның әлеуметтік желілерде жеке парақшалары бар. Онда қаражат аударуға арналған реквизеттер мен шоттардың нөмірі көрсетілген. Ота қараша айына белгіленген.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
20:43, 18 қыркүйек 2019
ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...