ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА

15:14, 23 сәуір 2019

Ғ.Мүсірепов аудандық ауруханасы былтыр 101 млн теңгеге материалдық техникалық базасын жаңалады. Енді облыс орталығынан шалғайда жатқан көрші аудандардың тұрғындары да осы жерде шұғыл түрде жасалатын оталарды жасата алады. Сонымен қатар айы-күні жетпей, 500 гр туылған сәбилерді де аман сақтап қалудың мүмкіндігі бар.

140 науқасқа шақталған Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық аурухана соңғы жылдары заманауи құрылғылармен жабдықталып, көрші Тимирязев, Шал ақын және Айыртау ауданынан келетін ауыр жағдайдағы науқастарға дер кезінде көмек көрсетілуде. Былтыр мұнда жалпы сомасы 15 млн. 200 мың теңгеге адам өмірін арашалап алуға қажетті аппараттар сатып алынған.

САНДУҒАШ МӘТКЕНОВА, Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ М.А.:

- Былтыр 9 млн. 900 мың теңгеге жасанды өкпе вентиляциясы аппаратын сатып алдық. Онда 500 грамм мен 30 келі балаларды жатқызып, емдеу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, 3 млн. теңгеге қандағы газ анализін зерттейтін құрылғы, төсек басындағы науқас мониторлары, өмір сүруге аса қажетті органдарды бақылауға арналған монитор сатып алынды. Біз облыс орталығынан алшақ орналасқандықтан енді жедел әрі күрделі оталарды өзіміз жасай аламыз.

Ауылды жерлерде білікті дәрігерлер арнайы қайта оқыту курстарынан өтіп, қосымша мамандықтарды игеріп жатады. Бұл оларды жан-жақты болып, кез келген жағдайға дайын болуға дағдылайды. Азат Тәуекелов оқуды травматолог-ортопед маманы болып аяқтағанымен, 2017 жылы реаниматолог-анастезиолог курсын тәмамдап, екі жұмысты қатар алып жүр. Жаңа құрылғылармен күрделі оталарды да жасайды.

АЗАТ ТӘУЕКЕЛОВ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕР-ТРАВМАТОЛОГЫ:

- Біздің аурухана интенсивті терапияға бір мезетте 5 адамды қабылдай алады. Биыл тағы жаңа наркозды тыныс алу аппараты алынатынын айтты. Ота жасау бөлмесі де толықтай жаңартылды. Жалпы айтқанда шұғыл жасалуы керек оталардың бәрін жасаймыз.

Аудандық аурухана шалғайдағы ауылдар мен көрші аудандарға қатынайтын жылжымалы флюраграфика да алып, емханаға келуге мүмкіндігі жоқ азаматтарға қолжетімді медициналық қызмет көрсетіп жүр.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА ҚҰЛАҚ ҚУЫСЫНА ОТА ЖАСАЛАДЫ
14:57, 13 мамыр 2019
ПЕТРОПАВЛДА ҚҰЛАҚ ҚУЫСЫНА ОТА ЖАСАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛОРДАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДЕН ШЕБЕРЛІК САҒАТ
20:36, 3 мамыр 2019
ЕЛОРДАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДЕН ШЕБЕРЛІК САҒАТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...