ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ

13:04, 22 мамыр 2020

Covid-19 індетімен күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне үстемеақы төленіп жатыр. Облыста еңбекақысына қосымша төлем алған мамандардың саны мың жарымнан асады.  Наурыз және сәуір айларында төлем сомасы - 207, 2 миллион теңгені құрады, оның ішінде: үстеме ақының ең үлкен сомасы үшінші тәуекел тобы бойынша -126 млн.теңге, екінші топ бойынша – 58,6 млн. теңге. Ал коронавирус жұқтырғандарды емдеп, олармен тікелей байланысқа түсетін медицина қызметкрелеріне жалпы  - 22,1 млн. теңге төленді.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" СҚО бойынша филиалының басшысы Лариса Гордееваның айтуынша  наурыз айында -493 және сәуір айында -1279 медициналық қызметкер үстеме ақы алған. Оларға жұмыс істеген уақытына байланысты төлем жасалды.  1 топқа жататын -реанимация бөлімшелері мен инфекциялық стационарлардың дәрігерлеріне, орта және кіші медициналық қызметкерлерге 850 мың теңге беріледі. 2 топ - провизорлық стационарлардың және жедел жәрдемнің дәрігерлеріне, орта және кіші медициналық қызметкерлерге 425 мың теңге төленеді. 3 топ карантиндік стационарлардың орта және кіші медициналық қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер ,жедел жәрдем жүргізушілері және т.б. үшін үстеме ақы 212,5 мың теңгені құрады.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ТАҒЫ 2 АДАМ ТІРКЕЛДІ
17:15, 28 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ТАҒЫ 2 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар