ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ

20:34, 14 маусым 2019

Халықаралық медицина қызметкерлері күні қарсаңында облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің бірқатар дәрігерлерін төл мерекелерімен құттықтады. Бұл күні ақ халатты абзал жандардың бірқатары алғыс хаттармен марапатталса, енді бірі «Денсаулық сақтау саласының үздігі» атанды. Осы жолғы мерекенің бір ерекшелігі - дәрігерлер өздерін жаңа қырдан танытып, ән мен биден шашу шашты.

Ақ халатты абзал жандар! Бұл сөздердің астарында дәрігерлерге деген үлкен құрмет  - қошемет жатыр. Өңір жетекшісі Құмар Іргебайұлының айтуынша дәрігерлік бұл – аса маңызды, әрі ұлы кәсіп. облыс әкімі соңғы бес жылда өңірде осы саланы қаржыландару көлемі 55 пайызға артқандығын және  көптеген заманауи қондырғылар сатып алынғандығын тілге тиек етті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Соңғы жылдары өңірде медицина саласы айтарлықтай жақсарды. Қыркүйек айында магниттік резонанстық томография  және ангиограф қондырғыларын сатып аламыз. Аталған жабдықтар бізде ескірген.

Одан бөлек биыл 14 денсаулық сақтау мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалады. Тағы бір жаңалық облыс орталығында көпсалалы аурухана салынбақ. Жуырда ғана осы мәселе бойынша өңір жетекшісі Түркия компаниясының басшысымен меморандумға қой қойды. Шара барысында медицина саласына еңбегі сіңген қызметкерлер мараптталды. Солардың бірі қалалық №3 жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Флерко. 12 жылдық еңбек өтілі бар дәрігерге «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісі тағылды.

ДМИТРИЙ ФЛЁРКО, ҚАЛАЛЫҚ №3 ЖАН САҚТАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Халыққа айтарым денсаулықтарыңызды сақтаңыздар. Сіздер оны ақшаға сатып ала алмайсыздар. Егер сырқаттанып жатсаңыздар емдейміз. Сол үшін әр күн сайын біліктілігімзді арттыруға тырысамыз.

Бұл күні дәрігерлер жиналған қауымға жаңа қырларымен танылды. Олар білікті маман ғана емес, шығармашыл жан екендіктерін көрсетіп, ән мен биден шашу шашты.

Ауру жанға батқанда ақ халатты жандардың көмегіне жүгінеміз. Дертке дауа, емге шипа аламыз. Ендеше дәрігерді ұлықтау, құрметтеу – әр пенденің азаматтық борышы.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
18:05, 15 қазан 2019
МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДАН КІМ, НЕ ҰТАДЫ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар