ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ Толығырақ

МЕДИЦИНА МАРЖАНЫ - ОФТАЛЬМОЛОГИЯ

17:57, 21 қаңтар 2020

Өңіріміздегі заманауи офтальмология орталығының ашылғанына небәрі 2 жыл болса да, осы аралықта  2 мыңнан астам адамға ота жасалған. Бүгінгі күні медициналық орталықта 8 жоғары санатты дәрігер жұмыс істейді. Солардың бірі - Әмина Мәдиева. Ол осы салаға өзінің 27 жылын арнаған екен. Халықтың алғысына бөленген абзал жанмен біздің тілшіміз сұқбаттасып қайтты.   

Әмина Мәдиева медицина саласында 1993 жылдан бері қызмет етеді. Ол Алматы мемлекеттік медицина университетінің түлегі. 1995 жылы Петропавлға қоныс аударып,  өзінің еңбек жолын өңіріміздегі облыстық ауруханада бастаған. Ал 2018 жылдан  Петропавлдағы  заманауи офтальмология   орталығында    офтальмохирург болып жұмыс істейді.

ӘМИНА МӘДИЕВА, ОФТАЛЬМОХИРУРГ:

- Өте жақсы әрі қызықты мамандық. Біз өз жұмысымызбен көптеген адамға жарық сыйлаймыз. Олардың алғыстарын да аламыз. Бірақ өкінішке орай жыл санап адамдардың көру қабілеті төмендеп жатыр. Бұрын сирек кездесетін көз аурулары қазіргі уақытта керісінше жиілеп кеткен.Бірақ, ғылым бір орында тұрмайды дегендей,  біздің емдеу әдістеріміз де заман талабына сай өзгерген.

Аталмыш офтольмологиялық орталық толықтай заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда диагностика мен қатар күндізгі стационар жұмыс істейді және  жедел жәрдем қызметі де қарастырылған. Бүгінгі күні  медициналық мекемеде  8 жоғары санатты дәрігер жұмыс істейді.  2018 жылдан бері орталықта 2 мыңға жуық азамттың көзіне  ота жасалды.

АЛЕКСАНДР РЫЛОВ, ОФТАЛЬМОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің орталықта барлық құрылғы заманауи болғанымен, дәрігерлердің атқарар рөлі ерекше. Себебі, көз өте нәзік келеді, қандай да бір кішігірім қателікті де кешірмейді. Біздің орталықтың дәрігерлері барлығы білікті. Сондықтан да болар, келушілердің санында шек жоқ. Былтыр 7 мыңға жуық адам біздің дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Олардың жартысы аудан орталығынан келген тұрғындар.

Бүгінгі күні заманауи құрылғылармен жабдықталған орталыққа көрші облыстардан да тұрғындар емделуге келеді екен. Шаһар тұрғындары өздерінің мекен-жайлары бойынша емханаға тіркеліп, кезекке тұрса, орталық дәрігерлері тегін қызмет көрсетеді. Ал өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын білікті маман Әмина Мәдиева бүгінгі күні талай жанның жанарына ота жасап, көру бақытын сыйлаған.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАЙЛАНДТАН КЕЛГЕН ОТБАСЫ АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ
18:05, 20 ақпан 2020
ТАЙЛАНДТАН КЕЛГЕН ОТБАСЫ АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар