ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ! Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКІШІ

14:31, 14 наурыз 2019

«Жастар жетістігі» альтернативті білім орталығы» қоғамдық қорының әлеуметтік зерттеуіне сәйкес солтүстікқазақстандықтардың 48 пайызы медициналық қызмет көрсетудің сапасына көңілі толады. Тұрғындар көбіне неге шағымданады және оны шешудің жолдары бар ма, тілшіміз тарқатады.

Бүгінде облыс көлемінде 22 ауруханада, 64 амбулаторлық мекемеде, 46 фельдшерлік-аккушерлік және 429 медициналық пункте тұрғындарға медицналық көмек көрсетіледі. Өткен жылы Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментіне 109 өтініш түскен. Онда азаматтар медициналық қызметкерлердің өз міндетін дұрыс атқармағандығына шағымданған.

ЖҰМАБЕК ЕЛЕУСІЗОВ, СҚО ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қаралған арыздардың 75 пайызы медициналық қызметтердің сапасына, 11 пайызы еңбекке жарамсыздық парағын алуда, 5 пайызы мекемедегі медициналық көмектің жетіспеушілігіне, 3 пайызы ауруханаға жатқызудан бас тартуға байланысты болса, тағы 2 пайызы әдептің сақталмауына орай.

Азаматтардың арыздарын қарау барысында 33-іне ұйғарым шығарылып, 50-іне тәртіптік жазаға тартылған. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына 16 материал жіберілген. Дәрігер науқасты емдер алдында арнайы сертификатқа ие болуы тиіс. Былтыр 1649 сертификат берілсе, оның 8-і шетелдік мамандарды клиникалық тәжірибеге тарту бойынша.

ТАТЬЯНА ПРИХОДЬКО, СҚО ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ ДЕПАРАТМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Мамандарды сертификаттау – ол оның білімін тәжірибеде қолдана алатындығына кепілдік береді. Біліктілікті арттыру әдісі мамандардың өз қалауы бойынша жүргізіледі. Аталмыш сертификаттар медицина қызметкерлеріне 5 жылға беріледі.

Медициналық қызметтің сапасын арттыру үшін мамандар бар жауапкершілікті ұйым басшыларына жүктеу керек деп есептейді. Ол үшін арнайы сапаны бақылау кеңестерін құрып, оған мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарын да тарту қажет. Медициналық қызметтің сапасы жайлы мәселелерді облыстық Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментіне жіберуге болады.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕККЕ УАҚЫТША ЖАРАМСЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ БЕРІЛЕДІ
19:00, 15 наурыз 2019
ЕҢБЕККЕ УАҚЫТША ЖАРАМСЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
20:59, 19 наурыз 2019
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
14:27, 19 наурыз 2019
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...