ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

17:57, 19 маусым 2019

Қазақстанда кепілдендірілген тегін көмек және медициналық сақтандыру пакеттерінің тізбесі жаңартылды. Қазақстан үкіметі 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен тегін медициналық көмек аясында көрсетілетін қызметтердің түрлерін бекітті. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде айтылды.

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шұғыл көмекке зәру азаматтар мен эпидемияның таралуына жол бермеуге бағытталған. Яғни, мемлекеттің араласуын қажет ететін, қиын жағдайларға душар болған науқастарға көрсетіледі. Қазіргі таңда медициналық сақтандыру қорына Қазақстан бойынша 176,7 млрд. теңге көлемінде жарна аударылған. Жиналған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

ЛАРИСА ГОРДЕЕВА, «МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ» КЕАҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Кепілдендірілген тегін медициналық қызмет ҚР барлық азаматтарымен қатар, оралмандар мен шетелдіктер және де елімізде тұруға рұқсат қағазы бар адамдарға көрсетіледі. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін барлық 15 категорияға бөлінген тұрғындар мен осы жүйенің қатысушылары, табысынан жарна төлегендерге беріледі.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСТАРДЫ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
20:46, 14 қараша 2019
ЖАСТАРДЫ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Толығырақ...
МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ
13:05, 12 қараша 2019
МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...