ШҰҒЫЛ! ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА ҚОРЛАРЫ ТАУСЫЛЫП ЖАТЫР Толығырақ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

17:54, 13 ақпан 2020

Облысымыздың 52 медициналық ұйымы медициналық сақтандыру қоры аясында тегін медициналық қызмет көрсетуге қатысады. 25-і - мемлекеттік, қалған 27-і - жеке меншік мекеме. Өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур барысында екі емдеу нысанына ақпараттық стикерлер орналастырылып, көрсетілетін қызметтердің жұмыс сапасы таныстырылды.

Ақпараттық стикерде 1406 байланыс орталығының нөмірі көрсетілген және QR код бейнеленген. Смартфон арқылы сканерлеу арқылы Қордың ресми сайтына өтуге, сондай-ақ сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтер бойынша қажетті ақпарат алуға болады.

ЛАРИСА ГОРДЕЕВА, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АҚ  СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Медициналық сақтандыру қоры  қазіргі таңда акция өткізіп жатыр. Яғни өңіріміздің кез-келген тұрғыны ақпараттық стикер арқылы қандай да бір емдеу мекемесінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтау жүйесіне қатысы бар -жоғын анықтай алады. Бұл дегеніміз егер азаматтың мәртебесі сақтандырылған болса ол осы ауруханада көрсетілетін қызметтерді пайдалана алады.

Ең алдымен ақпараттық стикер «Дея» сауда маркасымен халыққа жақсы танымал орталықтың ғимаратына орналастырылды. Жеке медициналық мекеме 2015 жылы ашылды және бүгінгі күні міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында күндізгі стационардың пациенттеріне көмек көрсетеді.Осы жылы олар қормен 16 миллион теңгеге шарт жасаған.

НАТАЛЬЯ ЛЫСАКОВА, МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Шартта көрсетілген бағаға сәйкес біз медициналық қызмет көрсетеміз.Науқастар емханадан ем ала-алмаған жағдайда немесе ауруханаға жата алмаса бізге келіп барлық қажет ем-дом шараларын қабылдай алады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы аясында қызмет көрсететін 27 жеке меншік мекеменің қатарына «ЮДИ-ДЕНТ» тіс емдеу клиникасы де кіреді. Ол  тегін кепілдендірілген медициналық көмектің берілетін көлемі шеңберінде 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді.Тек соңғы екі айдың ішінде олар 100ден астам солтүстікқазақстандықтың тісін емдеген.

ЮЛИЯ РЕДЬКИНА, ТІС ЕМДЕУ КЛИНИКАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің мекемеміз көбіне әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға қызмет көрсетумен айналысады. Яғни, бұл санатқа зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы аналар кіреді. Аталмыш жүйенің аясында жоспарлы және шұғыл көмек көрсетеміз. Соның қатарында шұғыл тіс емдеу шаралары.

Пресс-тур аясында барлық емдеу мекемелердің қабырғаларына ақпараттық стикерлер ілінді. Мұндай акция еліміздің  барлық аймақтарында өтуде. Осы орайда, 31 наурызға дейін барлық азаматтар     міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қызметтерді ала алатынын айта кеткен жөн. Толық ақпарат алу  үшін 1406 нөміріне хабарласуға болады.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...