ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

МӘМС ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:47, 11 ақпан 2020

«Нұр Отан» партиясының сайлау алды бағдарламасының «Денсаулық сақтау» бағыты  аясында   облыстық комиссияның отырысы өтті. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, жұмыс берушілердің аударымдарды уақытылы жіберуі, жарна бойынша берешектің болмауы бойынша шаралар қабылдау мәселесі талқыланды. Облыс бойынша 166 мың 300 адам аударым жасап үлгерген, алайда кейбіреулері медициналық сақтандырудан өтпеулері де мүмкін.  Оған не себеп? Әріптесім әзірлеген бейнесюжетке назар салайық.

Жиында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде  азаматтардың мәртебесі міндетті түрде сақтандырылған болуы тиіс екені айтылды. Себебі, тек осылайша ғана емделуші тегін медициналық көмек ала алады.

ЛАРИСА ГОРДЕЕВА, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біз үшін және де медициналық қауымдастықтар арасында көптен бері талқыланып жүрген өте өзекті мәселенің бірі - қазіргі кезде барлық тұрғындар шартты түрде сақтандырылған деп есептелетіні. Барлық азаматтар әзірше екі пакет шеңберінде медициналық көмек алады, 1 сәуірден бастап жинақтау жүйесі жұмыс істейді, яғни сақтандырылған адамның мәртебесі соңғы 12 ай болып саналады, ал есеп 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап,  үш ай жүргізіледі.

Сондай-ақ, Лариса Гордеева жалдамалы қызметкерлер үшін төлем жасамау қаупі бар екенін атап өтті.

ЛАРИСА ГОРДЕЕВА, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Облыс бойынша 166 мың 300 адам аударым жасалған. Алайда, соның ішінде 22 мыңы жүйеге енбей қалуы  қаупі бар. Себебі, бұл адамдар соңғы 3 айдың ішінде төлем жасамаған.

Облыстық мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары Руслан Рахымбердінің айтуынша жұмыс берушілер аударымдарды уақытылы жасап тұрады.

РУСЛАН РАХЫМБЕРДІ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 2020 жылдың қаңтар айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне 14 мың 938 салық төлеуші бойынша 265 млн теңге түсті. Бұл әрине, жақсы көрсеткіш. Бүгінгі күні қарыз 2020 жылдың 31 қаңтарында 35 млн теңгені құрады, оның ішінде 29 млн заңды тұлға және 756 жеке кәсіпкер бойынша 6 млн теңге көлемінде.

Кездесу барысында тұрғындар үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатқаны аталып өтілді.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА 122 АДАМ КАРАНТИНДІК СТАЦИОНАРДА ЖАТЫР
20:36, 26 наурыз 2020
ОБЛЫСТА 122 АДАМ КАРАНТИНДІК СТАЦИОНАРДА ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...