ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

МӘМС КОРОНОВИРУС ІНДЕТІМЕН КҮРЕСІ ҮШІН 1,5 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАЖАТ БӨЛДІ

20:40, 30 шілде 2020

Медициналық сақтандыру қоры мен өңірлердегі филиалдар КОВИД-19 инфекциясын емдеу және аурудың алдын алу жөніндегі барлық іс-шараларға медициалық ұйымдарды қаржылай көмекпен қамтамасыз етуді өз мойнына алған еді. Осылайша, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» өңірде коронавируспен күресу шараларына 1 млрд. 475 млн. теңгеден астам қаражат бөлді. Осы уақытта Қор тағы қандай жұмыстар атқарғандығы туралы келесі бейнематериалда.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» өңірде коронавирус індетімен күресу шараларына жалпы 1 млрд. 475 млн теңгеден астам ақша бөлді. Қор мұндай қаражаттың арқасында 23 жеткізушімен шартқа отырды.Осының арқасында   медициналық көмек көрсету, медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу және ПТР-диагностика  жасауға мүмкіндік берді. Қор Наурыз-Маусым айларында жеткізушілер мен қиын жағдайда жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге шамамен 858 млн.теңге төлеп үлгерген. Ай сайын инфекциямен қауіпті жағдайларда жұмысқа тартылған медицина қызметкерлерінің саны артып келеді.  Егер Наурыз айында 493 қызметкер үстемақы алса, маусым айында олардың саны 1 491 адамға дейін өскен

ЛАРИСА ГОРДЕЕВА, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ ДИРЕКТОРЫ :

- Медицина қызметкерлеріне төленетін қаражатқа жеке-жеке тоқталып өтсем. Ең көп төлемді үшінші тәуекел тобының қызметкерлері алды. Олардың саны, 1049 қызметкер 300,3 млн.теңгеге ие болады. Екінші тәуекел тобында  258 маман қызмет етіп жатыр. Оларға 145,7 млн. теңге төленді. Бірінші ең жоғары тәуекел тобында жұмыс істейтін тағы 184 маман 124 млн.теңге сомасына төлем алды. Төленетін қаражат әр топта нақты жұмыс істеген уақытқа байланысты болады.

Медициналық ұйымдарда қажетті дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы құрылғылармен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үшін ҚОР  «СК-Фармациямен» шартқа отырып, 100% алдын ала төлем жасаған.

ЛАРИСА ГОРДЕЕВА, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ ДИРЕКТОРЫ:

- Балалар-азитромицин, амоксициллин, цефуроксим, бұл бактерияға қарсы дәрілер, ибупрофен, парацетамол, ересектерге  азитромицин, амоксициллин секілді дәрілермен қамтамасыз етілудеміз. Сатистикаға жүгінетін болсақ, 2020 жылдың 1 қаңтарынан 17 шілдесіне дейін ЖРВИ және пневмония кезінде 165 мың пациент 190,3 млн.теңге сомасына, СҚО бойынша-2492 пациент 4 млн. теңге сомасына тегін дәрі алды.

Сондай-ақ, ҚОР елде орнаған жағдайға байланысты медициналық ұйымдардың шығындарын өтейтін болады. Мәселен, жеңіл дәрежеде Ковид-19бен ауырған бір адамды емдегені үшін, 292,6 мың теңге, орташа дәрежеге 446,1 мың теңге және ауыр дәрежедеге азаматты емдегені үшін 1,5 млн тг төлейтін болады.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДЫҚ АУРУХАНАҒА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ
20:40, 6 тамыз 2020
АУДАНДЫҚ АУРУХАНАҒА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ СЫЙҒА ТА...
Толығырақ...
7 ДӘРІХАНАДА БАҒАНЫ ӨСІРУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
17:15, 6 тамыз 2020
7 ДӘРІХАНАДА БАҒАНЫ ӨСІРУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...